Осы деректерге нақтырақ тоқтала кетейік. 2016 жылы ер азаматтарымыз қытайдың 66, Ресейдің 1067 азаматшасымен неке қидырса, қыздарымыз 62 – қытай, 189 – түрік, 858 – ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан.
Ал биылғы жылдың 10 қарашасына дейінгі мәліметтер төмендегідей:
Тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар: Қытай – 41; Түркия – 126, Ресей – 786.
Керісінше, өзге ұлттан өзіне жар таңдаған қазақстандық ер азаматтар: Қытай – 39, Ресей – 912, ал Түркия елінің азаматшасымен неке қиылмаған.
Бұл ресми дерек қана. Ал тіркеуге тұрмаған, азаматтық некеде жүрген қаракөздеріміз бұдан да көп болуы мүмкін.