«Қыз емес» дегенге селт етпейтіндер көбеюде» деп дабыл қағуда өңірлік басылым
27.11.2017, 23:35

«Қыз емес» дегенге селт етпейтіндер көбеюде» деп дабыл қағуда өңірлік басылым

Қазақ халқында қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлінген, баратын жеріне абыройын сақтап жетуі маңызды болған. Ал мамандардың айтуынша, бүгінгі қазақтар бұл мәселеге аса көңіл бөлмейтін болыпты. Ол тек Қазақстанның Оңтүстік өңірі тұр­ғындары үшін ғана маңызды болып қалған. Мысалы, Алматы жақта бұдан «трагедия» жасамайды, ашық айта салады деседі, деп жазады «Замана» газеті.

«Ал Шымкент, Қызылорда, Тараз жақта жұрт бұған әлі де мән береді, – дейді мамандар. Дегенмен қазақтар ара­сында «перде» мәселесіне аса назар аудармайтындар қатары арту­да» деп дабыл қағады басылым.­ Яғни, «бұл заман ағымына қарай ортаға сіңіп жатқан қалыпты құбылыс сияқты» деп баға берілген онда.

«Мамандар соңғы кездері гименопластикаға Оңтүстік өңірде өскендер жиі жүгінеді дегенді айтып жүр. Бұл рас па, жалған ба? Рас болса, ол жақсы ма, жаман ба?­ Ең бастысы, қыз бала өз абыро­йын қорғай білсін, ер-азаматтар нәпсі жетегінде азғындыққа бармасын дейміз. Иба, иман, әдеп, ұят, ар-намысын бәрінен биік ұстаған ұлт қыздарына гименопластика деген нәрсе (бетін аулақ қылсын, әрине) зорлық-зомбылыққа ұшырап қалғандар мен «керегін» жазатайым жарақаттап ал­ғандарға ғана қызмет етуі керек шығар. Десек те, ғаламтор беттері «Қыздық перде салып беремін» деген жарнамаға толып тұр» деп сұрау тастай отырып түйін жасалған газет бетінде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер