Жақында Ақмола облысына қарасты Атбасар ауданында Жабай өзенін бойлай салынған су бөгеті үш жерден бұзылып, салдарынан 206 үйді су басып қалған болатын.Үкімет және жергілікті атқарушы органдар орын алған төтенше жағдайға тойтарыс берудің барлық амалдарын жасап жатыр.
Дегенмен, азаматтық қоғам да енжар қалмай, зардап шеккен жандарға барынша қолдау білдіруде.
Ауыл шаруашылық министрлігі және оған бағынышты Комитеттер мен “ҰАҒО ” коммерциялық емес акционерлік қоғамы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 8 665 042 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.
Жиналған қаражат «Таза қала Атбасар» Қоғамдық бірлестігінің шотына аударылды.
Жабай өзенін бойлай салынған су бөгетін үш жерден ағын су бұзып кеткен.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/%E2%80%8Batbasarda-206-turghyn-uydi-su-basty
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз! Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Жабай өзенін бойлай салынған су бөгетін үш жерден ағын су бұзып кеткен. Осының салдарынан қауіпті аумақта орналасқан 206 тұрғын үйді су басып, 451 жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар 1-ші орта мектепті де субасқан. Жапа шеккен адамдар жоқ. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жалғасуда.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/%E2%80%8Batbasarda-206-turghyn-uydi-su-basty
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!