Елімізде “Ninety one” тобының стиліне еліктеген қыздар тобы құрылды
13.04.2017, 13:58

Елімізде “Ninety one” тобының стиліне еліктеген қыздар тобы құрылды

Бұл бойжеткендер Q-pop бағытын дамыту мақсатында жасақталған алғашқы қыздар ұжымы. Бұл туралы stan.kz "Ревю" жаңалықтарынан алыпты. 

 

Үш әнші мен қос рэперден тұратын гелзбендте: Мақпал, Аружан, Айсұлу, Жанар, Дана есімді арулар өнер көрсетеді.

«Кристал барлығымыз білеміз, ол әр түрлі болып келеді. Біз де, бесеуіміз де бес түрліміз. Және де топтың аты «Кристалс». Кристалдың әр түрлі қырлары бар, біздің де 5 қыздың өзінің қыр-сырлары бар», – дейді «Crystals» тобы.

Естеріңізге сала кетсек, Ерболат Беделхан «Ninety one» тобын құрмас бұрын корейлік компаниялармен жұмыс жасап, аталмыш елдегі кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан болатын. «Crystals»-тың жетекшісі де, 4 жылын Кореяда өткізіпті.

«Кореяға 2011 жылы кетіп, 2015 жылы қайтып келдім. Сонда осы идея, бағыт «кью-поп» дейміз ғой шығады, шықпайтынын білмедім. Осындай системаны алып келгім келді. 2014-ші жылы ойымда болды. Ойланып жүріп, мен келген кезде «Ninety one» тобы шығып қойды», – дейді топ продюсері Анарим Қуанышбек.

Топтағы арулардың жасы 16 мен 20-ның арасында. Алматы, Ақтөбе, Орал, Қостанайдан келген қыздар, кастинг бойынша іріктелген. Арманына жету жолында кез-келген кедергілерге тас-түйін дайын.

«Әркімге ұнай бермейсің ғой, мысалы. Сондықтан, жағымсыз пікір болса, оның жанында әрдайым жағымды пікір болады. Сондықтан, жағымсыз пікірге қатты назар аудармай, жағымды пікір жазған адамдар әрқашан бізге шабыт береді», – дейді топ мүшелері.

Гелзбенд алғашқы бейнебаянын «Адастырма» әніне таспалап жатыр.

«Біздің 5 қыздың 5 түрлі арманы болады. Және де арманына жеткен жаңағы жолды, осы клипте көрсетеді», – дейді «Crystals» тобы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер