Мысалы, АҚШ-та 6 мың қазақ баласы бар. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ-тағы 1-2 консулдың әр балаға барып тұруға мүмкіндігі жоғын мойындады.
Сондықтан министрлік қандастарымыздың халі жөнінде мәлімет беріп отыратын сондағы агенттіктер есебіне сенуге мәжбүр. Ал АҚШ-та қазақстандық екі баланы ерлі-зайыпты ұзақ уақыт қамауда ұстап, зорлық көрсеткенінен кейін бала беруге тыйым салынған.
Алпауыт елден 6 мың бала жайында ақпарат алу да қиын болып тұр. Сондықтан министрлік балалар туралы толық ақпарат қолға тимейінше, АҚШ-қа бала бермейміз деп отыр. Ал бес жыл бұрын дәл осы елде жоғалған бала туралы сұраған журналистерге министр қатқыл жауап қатты.
"Шынымды айтсам, бұл жайттың мән-жайы менің есімде жоқ. Мыңдаған фактіні білуім мүмкін емес. Кім, қашан, қайда? Қателссем, жағымсыз болары анық. Сондықтан, Америка бойынша да, Грузия бойынша да тексереміз", - дейді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.