Павлодар облысында биыл 82 егіз және екі үшем дүниеге келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облысында биыл 82 егіз және екі үшем дүниеге келген
- 2016 жылғы 10 айдың ішінде өңірде 10479 бала жарық дүниенің есігін ашқан. Оның ішінде 5146 сәби облыстық перинаталдық орталығында туған. Балалардың 2873-ы ұлдар болса, 2273-сы қыздар, - дейді Нұрлан Қасымов.
Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақта биыл айы-күні толмай туған нәрестелердің саны біршама азайған. Мәселен, былтыр 511 бала мерзімінен бұрын дүниеге келсе, биыл олардың саны 488-ге азайған.
Бұл факторға ананың қан қысымының артуы, қант диабеті, бүйрек аурулары, толық жойылмаған түрлі жұқпалар, зиянды әдеттер, өндіріс шарттары және де басқа жағдайдар себеп болады. Айта кетерлігі, биылғы жылы облыста перзент сүйген ең жасы үлкен әйел 44-те болса, былтыр 49 жастағы ана дүниеге сәби әкелген.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13