Показать содержимое по тегу: үнемшілдік
Ақшаны қалай үнемдеуге және жинауға болады? Отбасының әл-ауқаты, қаржы жағдайы әрдайым қырағылық таныту қажет болған мәселе және солай бола бермек. Өйткені, ерлі-зайыптылық өмір махаббат пен сыйластыққа ғана құрылмайды, материалдық жағдайға да тәуелді болатын тұстар кездеседі. Үйлесімді қарым-қатынас – романтика ғана емес, шығын шығару қажет күнделікті тіршілік. Сөйте тұра, отбасылық бюджетті үнемдеуге байланысты арнайы мәзір жасалған жоқ. Екі ғана ұтымды жол бар: қыруар қаражат табу немесе қолда барды үнемдеу. Расында, үнемдеу – ең ақылға сыйымды, қол жетімді, әркімге қатысты әдіс.
Расында, кез келген көзіне түскен нәрсеге қызығып, содан лездік мауқын басып сатып ала беру – ол кедейшіліктен шыға алмаудың басты себебі. Жалпы бұл ысырапшылыққа жетелері де сөзсіз. Сондықтан, үнемшілдік қашанда әуелі кедейліктен сақтап, сізді байлыққа жеткізеді. Ең бастысы, үнемшілдік Алла Тағала берген нығметті орынды жұмсап, ұқсатып пайдалануға саяды. Осы тұрғыдан келгенде, адам бікен үнемшілдік арқылы кедейліктен құтылары белгілі.