жастар форумы

Показать содержимое по тегу: жастар форумы

Нұр-Сұлтан қаласының делегациясы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Жастар форумы Ташкент-2021»-ге қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен өткен форумға Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров бастаған 15 делегация қатысты.

Форум өзін-өзі таныту, кәсіби және шығармашылық даму, оның ішінде жастарды экономикалық және әлеуметтік саланы дамытуға жағдай жасау мақсатында жастар саясатының басым бағыттарын, сондай-ақ олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, мәселелерін талқылауға арналған қоғамдастықтар құру алаңына айналады.

Делегация құрамында елордалық және республикалық жастар ұйымдарының басшылары, ҚХА мүшелері, спорт және мәдениет саласында жетістікке жеткен жастар, кәсіпкер, қоғамдық белсенді жастар қатысты.

Форум барысында жастар саясаты саласындағы үздік жобалар таныстырылды. Елордада іске асырылатын үздік жобалар Ташкент жастарының назарына ұсынылды.

Елордалық делегациямен Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артиходжаев жеке кездесіп, жастар саясаты саласындағы мәселелер талқыланды.

Опубликовано в Әлеумет

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер