Показать содержимое по тегу: нәпсі
Бүгінде «ой, сен Дон Жуан екенсің» дегенге кәдімгідей қампайып, сондай болуға ұмтылатындар көп-ақ. Онда да бұл теңеу жолында кезіккен сұлу атаулыны құр жібермейтін қуларға арналып айтылады. Жылайсыз ба, күлесіз бе? Әйтсе де, сол серішалыстардың бірі де өз идеалдарының нақты кім екенін білмейді. Білсе де, ол білгендері шай басында қысыр сөйлеп, бір-екі рет езу тартуға ғана жарайды.
Қазақ халқында қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлінген, баратын жеріне абыройын сақтап жетуі маңызды болған. Ал мамандардың айтуынша, бүгінгі қазақтар бұл мәселеге аса көңіл бөлмейтін болыпты. Ол тек Қазақстанның Оңтүстік өңірі тұрғындары үшін ғана маңызды болып қалған. Мысалы, Алматы жақта бұдан «трагедия» жасамайды, ашық айта салады деседі, деп жазады «Замана» газеті.