Показать содержимое по тегу: ана өлімі
Оңтүстік Қазақстан облысында нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендесе, ана өлімі 34,1 пайызға азайған. Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысы ана өлімі бойынша республикада 5-орында тұрақтап отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.