ЖАҢАӨЗЕНДЕ 16 ЖАСТАҒЫ БОЗБАЛАНЫ ДОСТАРЫ БЕНЗИН ШАШЫП ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН
28.04.2018, 12:42

ЖАҢАӨЗЕНДЕ 16 ЖАСТАҒЫ БОЗБАЛАНЫ ДОСТАРЫ БЕНЗИН ШАШЫП ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

ЖАҢАӨЗЕНДЕ 16 ЖАСТАҒЫ БОЗБАЛАНЫ ДОСТАРЫ БЕНЗИН ШАШЫП ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН www.zhanaozen.gov.kz

Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы өз достары үстіне бензин шашып, тірідей өртеп жіберді. Ең сорақысы, жолдасына қиянат жасаған күдіктілер бостандықта тайраңдап жүр екен. Ауруханада шала-жансар жатқан жігіттің анасы, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғауға асықпай отыр деп алаңдаулы. Ал денесінің жартысынан астам бөлігін жалын шарпыған зардап шегушігің жағдайы тым ауыр. Арнайы аппараттан ажыратылса, демі үзіледі, дейді ақ халаттылар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"103" звондап скорый шақырдым. "103" скорый келіп, больницаға апара жатқанда да мама өліп бара жатырмын. Наурыз өртеді мені, Наурыз өртеді деп қоймады скорыйда. Түгел баламның беті, екі аяғы, екі қолы түгел жанып кеткен» - дейді дейді анасы Балғаным Омарова.

Ұлының аянышты күйі мен шырқыраған дауысы Балғанымның құлағынан әлі кетпейді. Оқыс оқиға 30-шы наурыз күні  Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында болған.  Айтуынша, 16 жастағы ұлы жантүршігерлік жағдай болар күні екі досымен сыртқа шығып кеткен. Кешкі сағат сегіз жарымда көршісі жүгіріп келіп, жайсыз хабарды жеткізген.  Өртеніп жатқан ұлын қасындағы ауылдастырының бірі су шашып сөндірген.   Сол сәтте ол шұғыл жедел-жәрдем шақырып, бала аудандық ауруханаға жеткізіледі.

«Енді талабым – арыз көтеру керек. Менің баламның жағдайы осындай енді. Аппараттан шықса, бала кетіп қалуы мүмкін деп отыр врачтар. Анық жауабы солай: баламның қазір тек жүрегі соғып, аппаратта жатыр» - дейді анасы Балғаным Омарова.

Дәрігерлердің айтуынша, денесінің жартысын күйік шалған жасөспірімді санитарлық авиациямен Астанаға апару қажет. Өйткені, науқасқа ота жасамаса болмайды.  Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. 

«Алған жарақаты күйік. Өте үлкен. Дененің 50-52% күйген. Екі аяқ, екі жамбас, шап, іштері бар, арқасы бар, беті, екі қолы» - дейді облыстық аурухананың травматология бөлімінің дәрігері Құралбек Есқалиев.

Әзірше, жантүршігерлік оқыс оқиғаның қалай болғаны ешкімге белгісіз. Бірақ ана жүрегі ұлына достарының тарапынан бір қастандық жасалғанын сезіп отыр.   Қожахметтің   үстіне бензин шашып, өрт қойған деген де күдік бар.  Алайда, құқық қорғау органдарына арыз түсіргенімен,   әлі күнге дейін еш әрекетсіз отыр деп қынжылады.

«Сол енді менің өкпем милицияларға. Баламның ісін қозғай алмай отыр ар жағында. Екі бала жүр. Я аналары келіп, кешірім сұраған жоқ. Я баламнан болды деп жатқан жоқ. Сонымен отырмын» -   дейді анасы Балғаным Омарова.

Ал, облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті медициналық сараптама жасау үшін зардап шегушінің жағдайы жақсару керек. Ал 20 күннен астам жансақтау бөлімінде жатқан науқасты әзірше қозғауға болмайды екен.     

«Бұл іс Жаңаөзен Ішкі істер басқармасына тіркелді. Тексеру амалдары жүргізілуде. Жасөспірім ауруханадан шыққаннан кейін сот сараптамасы тағайындалатын болады» - дейді облыстық ішкі істер департаменті бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Өте ауыр халде жатқан жасөспірім қазір тек аппаратпен ғана тыныс алады. Өлім мен өмірдің ортасында жатқан баласы Қожахметтің амандығын тілеген ана кінәлілерді анықтамай тынып таппаймын деп ашынып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер