Халықаралық келісім бойынша, қазақстандық талапкерлерге 10 мың грант бөлінді. Абитуриенттер Ресейдің 30 оқу орнында білім ала алады. 23 сәуір – 15 мамыр аралығында Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында бюджеттік орындарға оқуға түсу үшін емтихан өтеді, - деп хабарлады Алтай Нұрманов.
Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды. «Болашақ» бағдарламасы арқылы талапкерлер Польша, Малайзия және т.б елдерде білім ала алады.
«Ағымдағы жылы «Болашақ» бағдарламасына бірнеше өзгеріс енді. Өз бетінше шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсушілердің дипломдағы орташа GPA балы 3 болу керек, - деді Нұрманов.