Аталған видео Instagram желісіндегі kipitkom парақшасында жарияланған. Видео астына пікір жазғандардың көбі Ресей астанасында осындай проблемалардың жиі кездесіп тұратынын айтыпты. Десе де, біразы бұл жанжалды ушықтырмай, ұлтаралық алауыздықты қоздырмауға шақырып отыр.
Сондай-ақ, пікір жазғандар қатарында Қазақстандағы ұлтаралық татулықты мысалға келтірген өзге ұлт өкілдері де көп. Олар еліміздің қай қаласы болмасын, барлық ұлттың өкілі тең дәрежеде өмір сүріп жатқанына разылықтарын айтқан.