Алғаш рет оңтүстік астанамызда халал жәрмеңке өтті
14.11.2016, 21:37

Алғаш рет оңтүстік астанамызда халал жәрмеңке өтті

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған халал өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараның ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп хабарлайды aikyn.kz

«Діни басқарма қоғамның сұранысын қанағаттандыру үшін халал өнімдерінің стандартын жүйелеп, дамыту бағытында жұмыс жасап келеді. Бүгінде елімізде адал ас тұтынғысы келетіндер өте көп. Бұл біздің мұсылмандығымыздың белгісі. Адал ас арқылы біздің сеніміміз бен бір-бірімізге құрметіміз, болашаққа деген үмітіміз, мейріміділігіміз арта түседі деген сенімдемін»,  деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Қазақстанның 30-дан астам халал тағам өндірушілері қатысқан жәрмеңке сөрелеріне ет пен сүт тағамдарының, кондитерлік өнімдер мен басқа да халал тағамның кез келген түрлері қойылды. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспаларды өндіретін компаниялар да аталмыш өз өнімдерін ұсынды.


Сондай-ақ, жәрмеңке аясында халал кәсіпорын басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында еліміздегі халал индустриясының бүгінгі жай-күйі мен стандарттау мәселелері төңірегінде баяндамалар жасалып, пікір алмасты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер