Діни көшбасшылар ислам әлемі елдерінің қоғамдық пікірінің сегізінші арнайы басшылар Форумына шақырылған болатын. Шараның атауы өзі айтып тұрғандай - «Әл-Ақсаға» қауіп төнуде. Әлемнің әр қиырынан жиналған мұсылман дін мамандары исламның үшінші қасиетті жерінде орын алған қақтығыстың келешектегі шешілуін талқылады. Форум барысында Израиль мен Батыстың саясаты жөнінде көптеген әшкерелеуші сөздер айтылғанымен де, бір де бір тұщымды ұсыныстар жасалмады.
Стамбул Форумын өткізбей тұрып-ақ, Иерусалимнің қала ретіндегі маңыздылығы, онда ұзақ уақыт бойы әртүрлі діни топтардың өмір сүргендігі белгілі болатын. Сонымен қатар, Реджеп Тайип Ердоған билік жүргізіп тұрған дәуірдегі түрік үкіметі палестина мәселесін геосаясат мүддесін іске асыратын ресурс көзі ретінде қарастыруда. Палестина жағдайы бүкіл әлем мұсылмандарын алаңдатуда, сондықтан да түрік билеуші бетке ұстарлары дәл осы мәселеге ұтыс тігуді жөн деп шешкен. Бұл ретте Израиль мен Анкара арасында Палестина арабтарының жағдайын жеңілдетуге қажетті әрекеттер жасаудағы әжептәуір қарым-қатынастар айтылуда. Бұл тектес мазмұнсыз көпірме сөздің түбінде үлкен күмән бар, дегенмен, Түркия діни жұртшылығы мен күллі мұсылман әлемі арасында Ердоғанның жақсы атағын шығармайды.
«Араб көктемі» алғашында Ердоғанның желін оңынан соққызғанымен де, алайда Мысырда орын алған төңкеріс салдарынан Мұхаммед Мурсидің лауазымынан түсуі, түрік көшбасшысының ұстанымын бірден әлсіретіп кетті. Ал араб-израиль жаңа шиеленісушілік орамы түрік көшбасшысына ыңғайлы болғалы тұр.
Мұсылмандар «Әл-Ақса» мешітіне баруға шек қойылғандығына әділетті түрде наразылықтарын білдіруде. Яһудиліктердің айтуы бойынша, Екінші Иерусалим ғибадатханасы дәл осы «Әл-Ақса» мешітінің орнында орналасқан, сол себепті израиль өкіметі мұсылмандардың қасиетті жерге келуін толықтай тоқтатуды көздеп отыр. Жуырда басталған яһуди мейрамдары мұсылмандардың қасиетті орнына баруына шектеу қоюдың жаңа бір сылтауы болып тұр.