Оған қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандар жиналды.
Дмитрийдің айтуы бойынша, ол Қазақ елінде тұрып жатқан барлық этнос өкілінің ұстанған ұстанымы мен наным-сенімін құрметтейді. Әсіресе он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ораза тұтқан халықтың шыдамдылығына тәнті екенін айтты. Ол мұсылман достарынан ауызашар берудің сауабы мол деп естіген.
"Сондықтан да осындай қадамға бардым", — дейді Дмитрий Левитанус.
Ауызашарда облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
Дмитрийдің сауапты ісіне мешітке жиналған қауым алғыстарын айтып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Дереккөз: ktk.kz