«Оларға қатысты ислам елдеріндегі сияқты қатаң жаза қолдану қажет. Дамуға кедергі келтіріп отырған, дініміз бен халқымызға жауларды аяуға болмайды. Олар тегін түрмелерге, тегін тамаққа және тегін жасалатын жағдайларға үйренген. Біздің қоғамға олардан еш пайда жоқ» деді Ташкент имамы.
Ол халықтың тыныштығын ойлай келе осындай ойға тоқталғанын түсіндірді.
«Бұл дұрыс емес. Өзбекстанда өлім жазасы алынып тасталғаннан кейін, халыққа еркіндік берілгеннен кейін, олар осындай бүлікке бастады. Біз бүгінгі әлемде не болып жатқанын көріп отырмыз. Олар Египетте, Синай жартыаралында мешіттерді жаруда. Тіптен, АҚШ президенті Трамп та жаяу жүргіншілерді таптап кеткен жігітті өлім жазасына кесу керектігін айтты. Мен бұл ойды халықтың тыныштығын ойлай келе айтып отырмын. Кім қалай қабылдайтынын білмеймін. Шешімді ел басшылығы қабылдайды» дейді Шермұрат Тоғай.
Сонымен қатар, имам әлеуметтік желіде жазған пікір пәтуа еместігін, өзінің жеке ойы екенін де ескертті.