Сарапшылар өз болжамдарын мына үш негізге сүйеніп жасаған: «нөлдік иммиграция», Еуропа елдеріндегі заңды иммиграция және 2014-2016 жылдары қатты байқалған көп көлемдегі заңсыз босқындар легі сақталған жағдай. Үшінші жағдайда Еуропа территориясында 2050 жылы мұсылмандар еуропалық халықтың 14%-ын құрайды, бұл қазіргі көрсеткіштен үш есе жоғары.

Сонымен қатар, сарапшылар қазіргі кезде Еуропа елдерінде тұратын мұсылмандардың 53%-ы 2010-2016 жылдар аралығында көшіп келгенін атап көрсетті.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.