Екінші орынды АҚШ Президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп бөліп алды. Демократтық үміткер Клинтон салық бастамалардың жүзеге асырылуын өзгертеді десе, республкалық топ жетекшісі Трамп еркін сауда, банк заңнамасын реттеу және мемлекеттік қарыздың төмендеуіне әсер етеді деп күтілуде.
Ал Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қаржы нарығына әсер етуші төртінші тұлға ретінде аталды. Себебі ол жылдық экономикалық өсім деңгейін 6,5%-дан төмендетпеймін және қарыз міндеттерінің өсімін бақыламайтындарға кедергі жасаймын деп уәде етті.
Бесінші орынға Amazon-ның бас директоры Джефф Безос ие болды. Ол биыл Bloomberg-тің әлемдегі ең бай адамар тізімінде үшінші орында. Bloomberg оның қаржы әлеміне әсерін бәсекелестерінің іс әрекетіне байланысты бағалады.
Германияның канцлері Ангела Меркель алтыншы орында. Агенттіктің айтуынша, Меркель көші-қон саясатын сынауына қарамастан, Еуропа экономикасындағы көшбасшы болып қала береді және оны алмастыра алатын ешбір бәсекелес жоқ.
Жетінші орынға Орталық Еуропа банкінің жетекшісі Марио Драги мен Федералды резерв жүйесінің басшысы Джанет Йеллен тұрақтады. Марио Драгидің қаржы әлеміне әсері Brexit-тен кейінгі ЕО-тағы экономикалық өсіммен бағаланған. Ал Джанет Йеллен Америка экономикасының тұрақтылын сақтағаны және негізгі мөлшерлемені реттеудегі сенімді іс-әрекеті үшін тізімге енді.
Уоррен Баффет болса компания инвестициясындағы ептілігі және өз саласында көшбасшы болуына байланысты тоғышыншы орынды иеленді.
Сондай-ақ, Bloomberg тізіміне Ресей Президенті Владимир Путин де кірген. Агенттіктің түсіндіруінше, Путин Америка тарапынан болған санкцияларға, америкалық және еуропалық инвестицияның қысқаруына қарамастан өз позициясын қалыпты сақтап қалды.
Bloomberg тізімді жасау барысында бірнеше жүз журналистерден өзі таңдаған кандидаттарды ұсынуды сұраған. Жүзге жуық адамның аты аталып, агенттік қаржы әлеміне әсер етуші тек 50 адамды таңдап алған.