Р.Тәжібаева: Халық таңдаған сапа – отандық БАҚ-та көрініс табуға тиіс
11.10.2016, 12:07

Р.Тәжібаева: Халық таңдаған сапа – отандық БАҚ-та көрініс табуға тиіс

 Бұл туралы бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева айтты, деп хабарлайды silteme.kz.

 Оның айтуынша, қазақстандық брендтер бүгінде әлемдік баламаларынан артық болмаса, бір де кем емес. Бағасы да, сапасы да жоғары деңгейде. Қалың бұқара да мұны біртіндеп түсініп келеді. Ендігі басымдық – отандық медиа саласының қолдауы мен насихаттау жұмысына тіреліп тұр. Өз кезегінде, «Самғау» ұлттық байқауы да осынау «Халық таңдаған сапа» тақырыбын әділ, сапалы және жан-жақты етіп көрсетуге республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ-тар мен блогерлерді тарту үшін өткізілуде.

«Байқаудың мақсаты – қазақстандық өндірушілердің үздік және қол жетімді өнімі туралы мәлімет беретін және бағдарлайтын, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға және дамытуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау. Яғни, республиканың барлық өңірлерінде қазақстандық өндірушілердің өнімі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыру – басты міндетіміз», - деп атап өтті ЗТБ президенті.

Сондай-ақ, ол журналистер қауымын белсенді болуға, барынша белсенуге шақырды. Себебі, ой еңбегінің қаһармандары үшін бірегей мүмкіндік беріліп отыр. Атап айтқанда, «Самғау» байқауының жеңімпазына Халық маркасы Jac S3 автокөлігі табысталады, Сондықтан да, қапы қалуға болмайды.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар бас жүлдеден бөлек 7 номинация бойынша 10 000 000 теңге байқау қорын ұсынуда. Олар: баспасөз (газеттер, журналдар), радио, теледидар, интернет-Бақ (оның ішінде, жаңалықтар агенттіктері), әлеуметтік медиа (блогерлер), шетелдік БАҚ аталымдары бойынша белгіленетін болады.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер