10.10.2016, 13:11
ҚЫТАЙДАН 500 МЫҢ ТУРИСТ… НЕ ҮШІН? КІМ ҮШІН?
Қытай экспанциясынан қауiптенетiн қазақтың жаны мұрнының ұшына келдi. Ендi қысықкөз көршiлерiмiз жүздеп, мыңдап емес, жүз мыңдап берi ағылмақ. Күнi кеше “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шорманов халықаралық көрменiң 500 мың билетi қытайлық туристерге сатылатынын мәлiмдедi. Бұл – келер жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегiнiң аралығында Қытайдан 500 мың адам келедi деген сөз. Ал 500 мың дегенiңiз – бiр облыстың (БҚО) халқына жетеқабыл адам.
Шормановтың айтуынша, жалпы болжам бойынша көрмеге 5 миллионнан астам қонақ келетiнге ұқсайды. Алайда оның 85%-ын қазақстандықтар құрайды. 15%-ы – шетелдiктер. Сонда 5 миллион қонақтың 15%-ы қанша болады? 750 мың! Оның 500 мыңы көршi елден келсе, әр үш қонақтың екеуi қытайлықтар болғалы тұр ғой.
Бұл ненi бiлдiредi? Көмейiне қанша тығындасаң да, жұғын құрлы көрмейтiн “мешкей” ЭКСПО-ға билiк айтып жүргендей бүкiл әлемнiң қызыға көз тiгiп отырмағанын бiлдiредi. Халықаралық көрме мемлекеттiң келешегi, халықтың болашағы үшiн емес, мақтангөй билiктiң кезектi даурықпасы екенiн айғақтайды. Себебi шынымен мұндай көрмеге әлем халқы ынтазарлықпен қараса, Ақорда қонақ iздеудiң әуресiмен Қытайға ауыз ашпас едi. Дамыған 30 елден дәмесi бар Қазақстанға сол дамыған 30 елдiң әрқайсысынан он мыңдап, жүз мыңдап адам келер едi. Мәселен, 2015 жылы өткен Милан қаласындағы көрменiң ашылуына 40 күн қалғанда 8 миллион билет сатылған. ЭКСПО-2015 көрмесiн 20 миллион адам тамашалаған. Бiрақ Италия да ЭКСПО-2016 көрмесiн өткiзген Түркия да “қонақты қайдан табамыз?” деп бас қатырған жоқ. Халқы құж-құж қайнаған Қытайдан мейман тасып, қадiрiн кетiрген жоқ. Сонда бiздiкi не? Бiз көрменi кiм үшiн өткiземiз? Қытайлықтар үшiн бе? Шетелдiк үш қонақтың екеуi қытайлық болса, ондай көрменi “халықаралық” деп атаудың өзi ақылға қона ма?
Ендi келесi мәселеге келейiк. Қыркүйектiң соңында Астанада Қазақстан-Қытай туристiк форумы өттi. Осы жиында “Эйр Астана” АҚ президентi Питер Фостер Қазақстаннан Қытайға ұшатын рейстердiң санын көбейтудi жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзiнше, қазақстандық әуе компаниясы Қытайдан келетiн жолаушылардың санын үш есе арттыруды көздейдi. Тiптi осы комиссия үкiметтен Қытай азаматтары үшiн визалық рәсiмдi жеңiлдетудi сұраған. Оған қоса, қытайлық туристер үшiн 72 сағат визасыз жүру мүмкiндiгiн енгiзудi ұсынған. Сөйтiп, алдағы үш жылда туристер санын 1 миллионға жеткiзудi мақсат етiп отыр. Не үшiн? Қандай қажеттiлiктен? П.Фостердiң пiкiрiнше, 1 қытай күнiне 300 доллар жұмсады дегеннiң өзiнде мемлекетке 300 миллион доллар кiрiс кiредi екен.
Егер қауiп-қатердi кейiн ысырып қойып, тек экономикалық тұрғыдан екшесек, мұның пайдалы жағы болатыны рас. Мәселен 2015 жылы Ресейге келген қытай туристерiнiң саны 680 мыңға жуық. Бұл – 2010 жылмен салыстырғанда 4,3 есе, 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе өскенiн көрсетедi. Алайда Ресей қытайлықтар жиi сапар шегетiн елдердiң ондығына да кiре алмайды.
Дүниежүзiлiк туризм ұйымының мәлiметiнше, 2015 жылы 128 миллион қытайлық шетелге шығып, осы сапарында 300 млрд доллар жұмсаған. Бұл әр қытайлық шамамен өзi барған елге 2 мың доллар ақша қалдырды деген сөз. 677 мың қытайлық туристен Ресейдiң тапқаны – 2,5 млрд доллар. Оның 1 миллиарды Мәскеуге тиесiлi. Қазiр Ресей билiгi де Қытайдан турист тарту мәселесiне қызу кiрiсiп кеткен. 2016 жылдың 20 мамырынан бастап Ростуризм Бейжiңде жарнамалық жұмыстарын бастады. Ресейдiң үш оқу орнында Қытай туристерiн бастап жүретiн жолбасшы мамандар (гид) әзiрленiп жатыр.
Әрине, турист тарту – қай мемлекет үшiн де пайдалы. Бiрақ оның басты алғышарты – өзгелер сенiң елiңе қызығуы керек. Мәселен, қытайлықтар Жапония мен Оңтүстiк Кореяға, АҚШ пен Батыс елдерiне жиi сапарлайды. Неге олай деп сұраудың өзi артық. Ал Ресейде не бар? Кремль бар. Кеудесiнен жаны шыққанына ғасырға жуықтаса да жер қойнына тапсырылмаған “күн көсем” бар. Үш бiрдей төңкерiстiң бесiгi болған Санкт-Петербург бар. Жалпы, қытайлықтар Ресейдi “коммунизм елесiнiң қайнар көзi” санайды. Коммунизмге әне-мiне жетем деп жүрiп желкесi қиылған империяның орнында қалған жұқананы көргiсi келедi. Олар көбiне 60-тан асқандар. Ал мұндай адамдар Қытайда әлденеше жүз миллион.
Ал бiзде не бар? Жарайды, Қазақстанға 500 мың қытай келiптi, халықаралық көрмедегi бос орынды қара қытайлармен толтырыптық дейiк. Олардан қалған тиын-тебен шатқаяқтаған экономикамыздың жыртығына жамау болыпты деп қояйық. Бұл әрине, бiз үшiн пайда. Ал қытайлық туристер үшiн ше? Олар не iстейдi? “Бәйтерекке” барып, суретке түсiп, қайта ма? “Тақыр жерден тау боп” тұрған Астананы қызық көре ме? Зәулiм құрылыстары көз iлеспес жылдамдықпен жүргiзiлетiн Қытай тұрғындарына бiздiң “шыны қала” таңсық па? Сонда олар не көрем, не бiлем деп келедi? Әлде мұндағы мақсат басқа ма?
Ауызды қу шөппен сүртуге болмайды, әрине. Бурабай бар бiзде. Шарын шатқалы бар. Алакөл, Көлсай, Алтынемел… Тiптi Байқоңырдың өзi не тұрады?! Бiрақ туризмдi дамыту – бiр күннiң шаруасы емес. Туризм арқылы табысқа кенелген елдер мұндай биiкке жету үшiн ұзақ жылдар бойы жұмыс iстейдi. Ал бiз не iстедiк? Туризмдi табыс көзiне айналдыру үшiн тындырылған қандай шаруа бар?
Егер үкiмет шетелдiк туристердi Байқоңырға апару үшiн Ресеймен келiссөздер жүргiзiп жатса, туристiк аймақтарға жаппай жаңарту, жаңа заманға лайықтау жұмыстарын жүргiзсе, қытай туристерiне жолбастаушы маман iздеп, оралмандар арасынан iрiктеу, таңдау жасаса, қытайлық туристердiң легiмен арғы беттегi қандастарымызды берi көшiрудiң қамына кiрiссе, “е, туризмдi дамытуға шынымен ден қойған екен-ау” дер едiк. Мұның бiрi де жоқ. Билiк бiрден 500 мың қытайды лап еткiзбек.
Осыған қарасаңыз, Қытайдан турист тарту – туризмдi дамытудың қамы емес, ЭКСПО ырду-дырдуының әлегiне ұқсайды. Бiрақ одан кейiнгi жағдайымыз қандай болады? Жарты милллион қытай көрме бiткен соң, қаздай тiзiлiп, келген iзiмен керi қайта ма? Әлде бiр ширегi 51 кәсiпорынды айналшықтап қалып қоя ма? Мiне, халық осыдан қорқады. Қорқатын себебi билiкке сенбейдi. Ақшаға сатылатын, мемлекеттiң дәулетiн шетелге апарып жасыратын, не өзi, не көзi тоймайтын адамдардан бәрiн күтуге болады.
Әйтеуiр күндердiң күнiнде қаптаған қара қытайдың қайсысы турист, қайсысы “жергiлiктi тұрғын” екенiн айырудан қалмасақ, болғаны.
Дерек көзі: Жас Алаш
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13