Құтқарушылар қыста жолда сақ болуды және дауылды ескерту жариялаған кезде алыс жолға жолға шықпауды кеңес етеді. Жүргізушілер алыс жолға шығар алдында ауа райына мән беруі қажет.
«Аяқастынан мұз опырылып, су астына кеткенде не істеу керек? Үрейге бой алдырмай, орынсыз әрекет жасамай, тыныс алуды бақылауда ұстау керек. Қолыңызды кең жайып, мұздың шетіне жабысуға тырысыңыз. Ағым сізді су астына алып кетпес үшін жылдам қозғалмай, мұздың шетіне ұстап, оған бірінші, артынан екінші аяғыңызды шығарыңыз. Келген жағыңызбен шығып кетуге тырысыңыз. Себебі ол жақтың мұзы қалыңырақ», - деді спикер.
Сондай-ақ, ол мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 7 см болуы керек екенін, мұз айдынын салу үшін – 12 см немесе одан да көп, жаяу жүргіншілер өткелін жасау үшін – 15 см және одан да көп, автомобильдердің өтуі үшін кемінде 30 см болуы керек екенін еске салды.
Бұл ретте мас күйінде мұзға шығуға, секіруге және мұз үстімен жүгіруге, бір орында көп адам жиналуға, жұқа мұзға шығуға үзілді-кесілді тыйым салынады.