Отырарлық қария тиімділігі жоғары дөңгелек үй салудың соны жобасын ұсынады (видео)
28.03.2018, 12:26

Отырарлық қария тиімділігі жоғары дөңгелек үй салудың соны жобасын ұсынады (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын оңтүстіктегі белді басылымдардың бірі – «Замана» газетінің бетінен «Дөңгелек үй» жобасы Астанадан қолдау таба ма?» атты мақаланы көзіміздің шалғаны бар еді. Онда Отырар ауданының тумасы Бекбатыр Әйменов есімді қарияның төрт бұрышты әдіспен ғимарат сала берген дұрыс емес деп, көшпенділер өркениетінен тамыр тартқан өзіндік төл жобасын ұсынып жүргенін оқып білгенбіз. Silteme.kz ақпараттық порталы бұл мәселеге үңіліп көрді...

«Қазақстанға дөңгелек үй мен аспалы жолдар салуды ұсынып жүрген қария өз жобасын қорғау үшін Елбасының алдына да баруға дайын екен. Әрине, егер облыс басшылары жобасына қызығушылық танытпайтын болса» деп жазыпты бұл орайда жоғарыда аталған басылым тілшісі.

Әрине, сол шақтың өзінде өнертапқыш ақсақал сол кездегі облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың қабылдауында болып, қолындағы үлгілері облыстық көрмеге қойылып үлгеріпті.

Бұл турасында Б.Әйменовтың өзі: «Сол кезде құрылыс басқармасындағылар мені бекерге сарсаңға салғаны үшін амалсыздан облыс әкіміне кіріп едім. Дұрыс болыпты. Көрмеде жобаға қызығушылар көп болды. Құрылыс басқармасының басшысы қасыма екі адам қосып, Астанаға жіберіп отыр. Сол жақтағы ғылыми-зерттеу институтында жобамды қорғап, қағаз әкеліп беруім керек екен. Басқарма басшысы содан кейін қаржы мәселесін шешуге уәде етіп отыр» деп ағынан жарылған.

Алайда, содан бері талай сулар ақты. Қолдағысы келген әкім кетіп қалды. Одан бері де қаншама ауыс-түйіс болды. Қысқасы, қария ойлап тапқан өнертапқыштықтардың бұдан әрідегі тағдыры бізге беймәлім болатын. Шынымен де, мақалада айтылғандай, жобалары астанаға жетті ме, жетпеді ме, білмедік. Бірақ, жуырда қарияның өзімен тілдесіп, жобасының қолданыстық мән-жайын өз аузынан есітудің сәті түскенін айта кетейік.

Біз бұл ретте, олардың қалай қолдау тапқаны яки таппағаны тұрғысынан әңгіме өрбітпедік. Біздің сұхбатымыз таза саясатсыз аталған жобалардың артықшылықтары мен техникалық сипаты тұрғысында өрбіді. Өз кезегінде, ақсақал ол жобаның 5 басым бағытын атап берді:

№1

Президентіміздің халыққа, әсіресе, құрылысшыларға жолдауында, қалайда құрылыстарды арзандатудың жолдары барма? Оны калай арзандатамыз? Қысқасы қол жетімді баспана салуға болама деген сұрақтарды құрылысшылардың алдына қойды. Шындығына келгенде құрылыстың арзандатылуын осыдан 3 000 жыл бұрын бабаларымыз тауып қойған екен. Көшпенді болған қазақтың қарапайым киіз үйін білесіздер. Және де қазақтан үлгі алып өркендеген европалықтардың төртбұрышты үйлері. Бұл төртбұрыш үйдің ұзындығы - 5м, ені - 4 м болғанда, төртбұрыш үйдің периметірі-18 п.м. ал ауданы-20 м2 құрайды. Дәл осы 18 п.м периметірге кететін материал шығынының ұзындығын, киіз үйдің периметіріне тең қылып алсақ, дөңгелек үйдің ауданы-төртбұрыш үйдің ауданына қарағанда 25% артты. Демек пайдалы аудандар кеңейді. Бұрынғы уақытта киіз үйлердің қос түрлері болған, олар бір бірілерімен біріктірілген 2 киіз үйлер. Тіпті, 3 киіз үйге дейін біріктірілген кийіз үйлерде болған, оны қазақта «қоржын там» деп атаған. Дөңгелек уйдің тағы бір артықшылығы, жел тұрғанда турбуленттік аумақ болмайды да, соққан желдің күші баспанаға тигізетін әсері өте аз болады. Сондықтан биіктеген конструкцияда қауіптілік аз болады. Дөңгелек Үйдің жылуы жоғары, көлемі көп, қабат саны жоғары болады.

№2

Қазіргі уақыттағы құрылыс жүргізіліп жатқан нысандар төртбұрышты пішінде салынып жатыр. Сейсмикалық күштер мен ғимаратқа әсер беретін вертикалдық және горизонталдық күштер әсерінен конструкцияға зиян болатын жағдайлар бар. Егерде төртбұрышты пішіндегі ғимаратты геометриялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, 1-суретте төртбұрыш фигурасына кез-келген бағытта қатты күш түсірсек, біздің фигурамыз майысып параллеограм болады. Бұл нәтиже қиындықтар, артық шығындар туғызады. Ал үш бұрышқа дәл сондай қатты күш түсірсек, ол майыспайды, бірақ, уақыт өте келе ол да қирауға ұшырайды. Біздің құрылысымыз осы үш бұрышқа негізделген. Үш бұрыштың ортасынан қақ бөліп төртбұрыштың екі шетіне қойсақ, біз трапецияға негіз болғандығын көреміз. Трапеция еш уақытта деформацияға ұшырамайды. 2 тең бүйірлі үш бұрышты 60 градуста бір-бірімен біріктірсек, алты бұрыш, эмблемасы шығады. 6 бұрыштың қасиеттері жайында пайдалы мағлұматтар өте көп. Бұл көрініс аралардың ұясына ұқсайды. Үш бұрыштың бірігуінің беріктілігін дәлелдейтін болсақ, мәнісі мынау: Бүкіл әлем судан тұрады және су барлық жерде кездеседі. Менделеев кестесіндегі бірінші тұратын сутегі бір электрон теріс заряд, ортадағы ядросында бір протон және бір нетрон бар, бұл оң заряд. Осы протонды электрон үнемі айналып тұрады, яғни бір сутегі үш негізде бір-бірінен ажырамай жұмыс жасайды. Бұл теорияның негізі квант ғылымында жатыр.

№3

Қазіргі салынып жатқан немесе кезінде салынған төртбұрышты панельді үйлердің ұзындығы 48 м, ені 12 м деп қарастырайық. Бұл ғимараттың 1 қабатының периметірі – 120 п.м. ал ауданы – 576 м2. Егерде осыны 9-қабатқа көтерсек 5184 м2 аудан шығады. Ғимараттың табынының биіктігіне пропорционалдық коэффициентін есептесек 2,08 коэфф.ц. шығады, бұл көрсеткіш 1,2 мен 1,4 көрсеткіштің аралығында болу қажет. Ғимараттың сметалық шығынын қанша арттырсақта, бұл ғимарат ұзақ уақыт тұрып бере алмайды. Енді осы төртбұрышты үйдің периметірінің ұзындығын дөңгелек үйдің периметірімен 120 п.м. деп теңестіріп алсақ, радиусы 19 м шығады да, 1-ші қабаттың ауданынан 2 есе үлкен 1 152 м2 ұтамыз. Жалпы 9-қабаттың ауданы 10 368 м2.  19 м радиустағы дөңгелек үйдің табанының биіктікке байланысты коэффициенті арқылы есеп жүргізсек, 21 қабаттық ғимарат пайда болады. Оның ауданы 24 192 м2 құрайды.

№4

Ғимараттың бас жоспарлары сәулеттік шешім жағынан жоғарғы бағаға ие. Ықшам ауданнын ортасында мектеп, стадион, т.б. нысандарды тұрғызуға ыңғайластырылған. Дөңгелек үйдің конструкциялық бөлімдері 3 сектордан тұрады, әр сектор бір-бірінен 1 метр жоғары биіктікте орналасқан. Әр қабатта өзінің бау-бақшасы, демалатын саябақтары бар. Тұрғындар табиғат аясына өз пәтерлерінен сыртқа шықпай ақ тамсана алады. Бір бөлменің өзі 100 м2-тан кем емес.

№5

Ықшам ауданның құрылысы жүргізілген уақытта, ғимараттың жер астынан шыққан топырақтары бас жоспрада көрсетілген жерлерге төгіліп, жасанды тау табиғат аясын аралау жоспарлары қамтылған. Жобаның негізгі мақсаты халықтың жағдайына барынша аз шығында баспана мен жаңа мәңгілік ел болатын өмір сыйлау.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер