Қазақстан уранның әлемдік бағасының 20 пайызға қымбаттауына себепкер болды
15.05.2017, 11:12

Қазақстан уранның әлемдік бағасының 20 пайызға қымбаттауына себепкер болды

Қазақстан уранның әлемдік нарықтағы бағасының 20 пайызға қымбаттауына себепкер болды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы уран өндірісінің көлемі 24 070 тоннаны құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 76 пайызға өсім көрсетті. Қазөнеркәсіп өндіруші кәсіпорындарының құрамына Жапония, Франция, Канада, ҚХР, Ресеймен бірлескен кәісіпорындар кіреді. Ондағы Қазөнеркәсіп компаниясының қатысу үлесі - 30-дан 65-пайызға дейін. Бүгінгі күні уран өндірумен 12 компания, оның ішінде Ресейдің, Францияның, Қытайдың , Канаданың, Жапония мен Қырғызстанның компанияларымен бірлескен 11 кәсіпорын айналысады. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген уран түгелдей әлемдік нарыққа, бірінеші кезекте Қытайға, Еуропаға, Канадаға және АҚШ-қа экспортталады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 2016 жылы әлемдік табиғи уран нарығында 80 пайыз уран өнімі белсенді өндірілді. Уранды өндірген негізгі елдердің қатарында Қазақстан, Австралия, Канада, Нигер және Ресей бар. Әлемде өндірілген уранның 39 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі.

«Қазіргі уақытта әлемдік уран нарығында уранға деген ұсыныстың артуы байқалады. Бұл тренд 2011 жылдан бері, ол Фукусимадан кейінгі кезең еді. Тренд жалғасуда. Өткен жылы табиғи уранның бағасы едәуір төмендеді. Бағасы жыл ішінде 40 пайызға түсті. Әлемдік табиғи уран нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты 2017 жылдың қаңтарында республикада уран өндірісінің көлемін 10 пайызға яғни, 22 мың тоннаға дейін төмендету шешімі қабылданды. Бұл әлемдік өндірістің 3 пайызын құрайды. Осы шешімнің нәтижесінде әлемдік нарықтағы уран бағасы 20 пайызға артқанын атап өтім келеді. Алайда нарықтағы уранның артық үлесі 2020 жылға дейін сақталады деп күтілуде. Нәтижесінде уран бағасы құбылып, ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі бұзылады деген болжам бар. Әлемдік уран нарығындағы қиын жағдайға қарамастан Қазақстан әлемдік нарыққа өзінің басшылық ұстанымын сақтауға қабілетті», - деді Бозымбаев.

Айта кетейік, Қазақстан барланған уран қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. Барланған әлемдік қордың шамамен 12 пайызы еліміздің жер қойнауында шоғырланған.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер