- Сен өткенде Америкада болдың ба? Көрдің ғой, барлығы жұмыс істейміз деп отыр.
- Бәрімен кездестік.
- Немістің компанияларымен болдың ғой. Жапония компанияларының "жұмыс істейміз" дегенін көрдің ғой. Ал не істеп жатсыңдар, айтшы?!
- Қазір барлық 145 жобаны бақылауға алдық. 7 жоба бар. Оның екеуі ТҰК. Кездесуде қол қойылды. Қазір әр жоба бойынша құжаттар әзірленіп жатыр. Біздің мақсатымыз жыл соңына дейін 17 ірі жобаны әзірлеп, инвестиция тарту. Жалпы құны шамамен 10 млрд. доллардың айналасында.
- Қазір қолыңда қанша жоба бар?
- Айтып өткенімдей, бақылауда 145 жоба бар. Олар 25 мемлекетпен байланысты.
- Көпшілігі қай жақтан?
- Ең көбі Қытайдан. Жалпы жиыны - 64 жоба.
- Баяғы 50 жоба ма?
- Елудің үстіне 14 жоба бар. Олар: Германия, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Корея, Жапония.
- Саған өте жауапты мәселе тапсырдық. Осыны орындасаң өзіңе барлық жағынан жақсы болады.
- Түсінікті.
- Олар, біздің шақырып жүргендеріміз, олардың жағдайлары жақсы. Олар - бай. Оларға біздің керегіміз бар ма, жоқ па, екіталай. Олар айтқаннан кейін артынан жүгіріп, кісіні жіберіп, шақырып, "келіңіздер, отырайық, сөйлесейік" демесе, олар келмейді. Олардың жағдайы жақсы. Бізден жақсы жағдай жасайтын басқа да елдер бар. Сондықтан, әр келіскен мәселенің артынан жүрмесек, трансұлттық компаниялар бізге келмейді.
Осылайша Елбасы сырттан инвестиция тартуға жауапты мекеме басшысына зор жауапкершілік жүктеп, нәтиже күтетінін жеткізді.
Айта кетейік, жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Бірқатар сала басшылары сын астында қалып, бірер орталық органдардың басшылары да ауысты.