Показать содержимое по тегу: тәрбие
Балалық шақ – адамның болашағының негізі қаланатын ерекше кезең. Бұл уақытта бала қоршаған ортаны танып, алғашқы әлеуметтік дағдыларды меңгеріп, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы тұрғыдан алғанда, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің маңызы зор. Солардың ішінде ұлттық ойындардың орны ерекше. Себебі, ұлттық ойындар – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, тәрбиелік мәні зор рухани қазына.
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ертеден келе жатқан оқу орындарының бірі болып табылады.
Ол ғалым да, табысты кәсіпкер де, халықты билеген басшы да емес. Ол - жары дүниеден ерте өтсе де, үш баласын өзі өсіріп жеткізген отбасы тірегі, асқар тау әке. Оның еңбекке құштарлығы мен бойындағы табиғи дарыны - кімге де болмасын үлгі-өнеге. Baribar.kz сайтының журналистері қиындыққа мойымаған батыр әке, бүгінде үбірлі-шүбірлі болып отырған мейірімді ата Қуандық Мырзабековтің шаңырағында қонақта болды.
Ресейдің «Единая Россия» партиясының мүшесі, каратэден қара белдік иегері жасөспірімді тәрбиелеудің "ерекше" жолын көрсетті.
Қазақ отбасында ер бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Өйткені, ұл – қазақта шаңырақ иесі, отбасының түтінін түтетуші. Халқымыздың тұрмыс салтында ұл баланың бойына қазақтың тектілік қасиеттерді сіңіре отырып тәрбиелейтін болған. «Әке көрген оқ жонар…» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Отағасы өзінің бар асыл қасиеттерін ұлдарына үйретіп, рухы асқақ азамат болып қалыптасуына ықпал еткен. Бұл – қазақ халқының рухани құндылығы, салт-дәстүр сабақтастығы, өміршең ұлттық тәрбиенің жалғасы.