Показать содержимое по тегу: Қыздарға кеңес
Мен тұрмысқа шыққалы көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда, құрбыларым тарапынан "тұрмысқа шыққан қалай екен?", "бізге қандай кеңес айтасың?" деген сұрақтар көп қойылуда. Өзім тұрмысқа шықпай тұрғанда отбасылық өмір жайлы отау құрғанына кемінде 15 - 20 жыл болған жандар ғана ақыл айтқаны дұрыс деп ойлаушы едім. Солай ойлағандықтан да, жаңадан отбасылы болғандарды жоғарыдағыдай сұрақтармен мазаламаушы едім. Қазір ол ойым өзгерді. Бұл үлкендердің ақылы дұрыс емес деген сөз емес, керісінше, біз олардың кеңестеріне мұқтажбыз.
Қазақ қыздарының көркіне ақылы сай болып жүруі үшін біліп жүруі қажет кеңестер легін ұсынамыз. Сұлу да сымбатты аруларымыз осы аталған кеңестерді жадында сақтай жүрсе нұр үстіне нұр болмақ.
Бүгін біз аруларымыздың бет күтіміне арналған ең оңай жасалатын маска түрлерін ұсынбақпыз. Өз сұлулығыңыз бен теріңіздің әсемдігі алаңдатар болса онда бізге құлақ түріңіз.
Адамның, соның ішінде қыз-келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі сұлулықтың негізі – денсаулық. Бірақ адамдардың көпшілігі, әсіресе жастар мен бойжеткендер денсаулық жайын мүлдем ойламайды, өйткені бұл кезде оларды ауру-сырқау мазаламаса, өздерін өмір бойы ауырмайтындай сезінеді.
Таңертең ашқарында 100-150 грамм пісірілген қызылшаны күнделікті жеп отырсаңыз, бауыр қабынуын емдеумен қатар іш қатуды қойдырады. Онымен қоса гипертония болған адамдардың қан қысымын қалпына келтіреді. Адамның жасы ұлғая келе ұйқысы азая бастайды.