Показать содержимое по тегу: республикалықфорум
Астанада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымының белсенділерінің бастауымен ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында еліміздің ЖОО студенттерінің қатысуымен «Жастар көзқарасындағы болашақ» атты республикалық ұйымдастырылды. Форумға Астана қаласындағы ЖОО студенттерімен қатар М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің белсенді студенттері қатысты.
Форумның мақсаты ЖОО студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың бойында қоғамға қызмет ету мінезін қалыптастыру және жемқорлықсыз қоғамды насихаттап, студент-жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, іскерлік түрде тілдесуі үшін алаң құру.
Жиынға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Комплаенс қызметінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев пен Басқарма мүшесі – студенттер ісі жөніндегі проректор Жайнагүл Айтмағамбетқызы Құсайынова қатысып, форумға қатысушылардың жұмысына сәттілік тілектерін айтты. Алғашқы сөз алған Қ.А.Токушев Біріккен Ұлттар ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы көптеген елдер үшін жемқорлыққа қарсы ортақ ісінде біртұтас бағдарға айналғандығын және Қазақстанның Конвенцияны 2008 жылы ратификациялағандығы туралы айта келіп жастарға «Саналы ұрпақ» ұйымының миссиясы мен ел болашағына қосар үлестерінің барлығы әділ және адал болу керектігін айырықша атап өтті. «Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту, жемқорлықты түбегейлі жою және жемқорлық үшін жауапкершіліктің біртұтастығын қамтамасыз ету секілді негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Осы қағида бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа 2026 жылға дейінгі саясат тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті» деді Басқарма мүшесі – студенттер ісі жөніндегі проректор Жайнагүл Айтмағанбетқызы Құсайынова.
Форумға университеттердің «Саналы ұрпақ» ұйымдарының мүшелері мен Жастар ісі жөніндегі комитетттерінің белсенділері қатысты. «Саналы ұрпақ» ұйымдарының белсенділері «Жастар көзқарасындағы болашақ» тақырыбы аясында әділетті қоғам құрудың маңыздылығы мен әділетті қоғам құрудағы жастардың атқаратын рөлі және жауапкершіліктеріне тоқтала келіп, жастарды белсенді болуға шақырып, өз ұсыныстарын ортаға салып, ашық дискуссия құрды. Тақырып ауқымды түрде қозғалып, түрлі креативті пікірлер айтылды және жастар арасында үлкен талқыға түсті. Сонымен қатар, Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері мен белсенділері осы тақырып аясында, өз оқу орындарындағы студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділіктері мен оның құрылымдары туралы айта келіп, пікір алмасу барысында біраз жаңашылдықтарға қол жеткізді. Дискуссия барысында «Интегралды GPA», «Ұйымдар жәрмеңкесі», «Студенттерге мотивация» туралы да сөз қозғалды. Бұл тақырыптар кейбір оқу орындары үшін жаңашылдық болып, өз университеттерінде қолға алынатындығы айтылды.
Форумға қатысушылар бұдан кейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бас ғимаратында орналасқан университет музейіне және форумға арнайы қойылған университеттің ұйымдары мен клубтарының көрмесін тамашалады.
Форумда белсенділік танытқан спикерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды және форумға қатысқан барлық студенттерге сертификаттар табысталды. Осындай Республикалық деңгейде өткен студенттер форумы салтанатты концертпен өз мәресіне жетті.