Маңдайшасына «Кумыс хана» деп жазып қойыпты
22.08.2016, 21:50

Маңдайшасына «Кумыс хана» деп жазып қойыпты

Жуырда «Қостанай – Астана» тас жолы арқылы Астраханка ауылынан Елордаға келе жатқанбыз. Астана қаласына кіре берісте жүргізуші бір жерге аялдады, деп жазыпты М.Ұлықбек есімді кісі "Замана" газетіндегі мақаласында. 

"Ұзақ жолдан шаршағандықтан біз де сыртқа шықтық. Адамдар жиылып тұрған жердің маңдайшасындағы «Кумыс хана» деген жазуды байқадық. Сұрастырсақ, ол жерде қымыз сатылады екен. Астана бойынша мұндай қымыз сататын жерлер аз болғандықтан жеткізілген қымыз тез таусылса керек. Түске дейін алғандар алады, үлгермегендер кейінге қалады. Жақын барып, кәуап пісіріп тұрған жігіттен қымыз сұрадық. Оның қазақ еместігі біздің сұрағымызға: «Кымыз жок», – деп берген жауабынан-ақ байқалды. Кейін оны өзі де мойындады. Жоғарыдағы жазу неге қате жазылған дегенімізде әлгі жігіт: «Бізге осылай әкеліп берген соң іліп қойдық», – дегеннен басқа ештеңе айта алмады. Бұл жерде адамдардың қай ұлттың өкілі немесе қай елдің азаматы екендігінде тұрған мәселе жоқ. Маңдайшадағы жарнаманы дұрыс жазып қойса болды емес пе? Көпшілік бұл жерді қымызхана емес, күміс сатылатын күмісхана деп ойлап қалуы да мүмкін ғой", - депті ол.

Сонымен қатар, автор: "Бұл «Қостанай – Астана» бағытындағы үлкен жол болғандықтан қарапайым шенеуніктерді атамағанда әкімдер мен министрлердің өздері де талай өткен болуы ғажап емес. Сонда олар «Кумыс хана» деген нені білдіреді деп ойламағаны ма? Әлде Астанада мұндай қате жазулар көп болғандықтан ешкім елемейтін болғаны ма? Әлде астаналықтар үшін қымызды «кумыс» деп жазу сауаттылықты білдіретін болғаны ма?", - деп алашқа сауал тастай аяқтаған екен жазбасын.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер