Таразда латын қаріпінде жазылған құжаттардың көрмесі өтті
06.02.2018, 17:17

Таразда латын қаріпінде жазылған құжаттардың көрмесі өтті

Таразда латын қаріпінде жазылған құжаттардың көрмесі өтті www.inform.kz

Жамбыл облысының мұрағаттарында латын әріпінде жазылған көптеген құжаттар мен мерзімді басылымдар сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық мәдениет, архив және құжаттар басқармасы жетекшісінің орынбасары Сара Мәдиеваның айтуынша, облыстық мемлекеттік архивінде 30-шы, 40-шы жылдардағы латын әліпбиі негізінде қазақ тілінде жазылған құжаттар бар.

«Біз 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиімен жазылған барлық құжаттарды зерделеп, жарияладық. Олардың барлығы да латын әліпбиінің сол кездерде-ақ тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Бұған қалың көпшіліктің көзін жеткізу үшін бүгінгі көрмені ұйымдастырып отырмыз»,-деп түсіндірді ол.

Сирек кездесетін құжаттардың арасында 1935 жылдың 17 наурызында Жамбыл педагогикалық училищесінің жұмыс істей бастағандығы туралы құжат ерекше атауға тұрарлық. Қала тұрғындары арасында сауатсыздықты жою туралы шешім де бар, оған қарап 1929 жылы латын әліпбиіне көшетін тұста арнайы комиссия мен сауатсыздықты жою жөніндегі курстар ұйымдастырылғандығын, ұстаздарды оқытып, білім беру бағытында шаралар жүзеге асырылғандығын көруге болады. Таразда латын қаріпінде жазылған құжаттардың көрмесі өтті.

Мұрағатты латын қаріпінде жариялаған басылымдардың тігінділері де бар. Мысалы Сарысу аудандық «Социалистік шаруа» басылымы 1941 жылға дейін латын жазуымен шығып тұрған. Көрмеде Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, жамбылдық мерген Ибрагим Сүлейменовтың майданнан латын қаріпінде жазған хаттары сақталған. Жамбыл мұрағаттарында 1930-1934 жылдардағы құжаттар, аудандардың бастауыш партия ұйымдары жиындарының хаттамалары, аудандық комитеттер мен аудандық атқару комитетінің сондай-ақ колхоздардың қаулылары мен шешімдері бар.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу үдерісіне жаһандық өзгеріс ретінде емес, бұрын қолданылған әліпбиге қайта оралу деп қараған жөн. Ал Қазақстан тұрғындарына білім берудің қазіргі заманғы үлгісі бұл үдерісті жедел, тиімді етеді, деп есептейді облыстық мәдениет, архив және құжаттар басқармасының мамандары.

Аударма: Айдар Оспаналиев

©inform.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер