Показать содержимое по тегу: Айжан Байзакова
«Арсыз болмай атақ жоқ» немесе «Атың шықпаса, жер өрте». Қазір оның орнына «хайп» деген терминді қолдана бастадық. Елге танылудың ерсілеу жолын таңдағандар елімізде көп-ақ. Бірі «жезөкшелерге» қамшысын ала жүгірсе, екіншісі мыңдаған көрерменнің көзінше төсек төңірегін шиырлап әлек. Ұлттың қан тазалығын сақтаймын деп, қазақ қыздарының жүріс-тұрысын аңдитындар да пайда болды. Олар кім? Нені мақсат тұтады? Qamshy.kz ақпарат агенттігі даңқ пен дақпырттың ара-жігін ажыратпайтын жұлдыздарды бір тізімдеп көрді.
Желіде 2 баланың анасы атышулы Айжан Байзақовадан шаршағанын айтып көмек сұрады. Келіншектің күйеуі күні-түні блогердің суреттері мен видеоларын ашықтан ашық қарап отырады екен.
50 мың теңге беріп, қыздарды елдің көзінше шешіндергендер ақыры жазасыз қалмады! Алматы соты түнгі клубтағы ұятсыз шоуды ұйымдастырған атышулы Айжан Байзақованы 3 тәулікке абақтыға жапқан. 22 жастағы "әлеуметтік желі жұлдызының" масқара әрекеті сол әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың ашуын туғызған болатын, деп хабарлайды КТК.