Штеффан Цупер, «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының халықаралық үйлестірушісі:
– Үстіртті мекендейтін киік үшін қиындық бар. Қару кезеген браконьерлер өз алдына, жайылым жерлері де азайған. Осыдан бірнеше жыл бұрын салынған теміржол –жануарлардың оңтүстікке аймаққа өтуіне кедергі. Сондықтан киіктер қыстың күні солтүстіктегі жайылымда қалуға мәжбүр. Санақ кезінде қос аяқты көлікті ерттеп мінген күдіктілер де кезікті. Мамандар қылмыскерлер деп пайымдады. Сондықтан бір топ инспектор жедел із кесуге аттанды.
Сәбит Дүйсекенов, «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалының директоры:
– Бұл ақпардың анық-қанығын анықтауға арнайы топ аттанды. Олар аң атуға шыққан браконьерлер болуы да мүмкін. Үй жануарларын іздеген жергілікті тұрғындар да болуы ғажап емес. Маңғыстау мен Ақтөбе облысында жайылатын жануарларды қорғауға 20 қорықшы жұмылдырылған. Өткен жылы Үстіртте киікті атып, мүйізін кесіп алып жүрген 4 топты қолға түсірген. Қорықшылар саны аз болғанымен, иен даланы мылтық асынған қылмыскерлерден қорғау үшін күні-түні дамыл таппайды.
Нұрлыбек Сүлейменов, «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалының инспекторы:
– Он болады, он бес болады, топ-топ болыпғ Үстіртке шығады, киікке шығады. Мүйіз деген бәле болды ғой бізге. Мүйізге бола шығады. Соны қорғап жатырмыз. Қазір жайлап өсіп келе жатыр. Алғашқы барлау болашақ ұшу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Жануарлардың жайылымдары белгілі болды. Санақтың бірінші күні екі жүзден астам жануар көзге ілінген.
Александр Путилин, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының аға қорықшысы:
– Көкке көтеріліп, киіктердің қыр-жоталарға жақын жүргендігін анықтадық. Енді шамамен 50 сағат ұшу жоспарымызда бар. Сосын Батыс Қазақстан облысындағы киіктерді түгендейміз. Үстірттегі санақ он тәулікте тәмамдалуы тиіс. Алда құралайдың желі басталып, киіктер төлдейді. Бастысы – күзетті күшейту. Сонда ғана санаулы жыл ішінде ақбөкендер саны бірнеше есе артуы әбден мүмкін.