Валютаны қалай айырбастау қажет?
28.10.2016, 19:09

Валютаны қалай айырбастау қажет?

Валюта айырбастау бір қарағанда қарапайым ғана қаржылық операция тәрізді. Келдің, курсқа қарадың да айырбастап алдың. Бірақ ақшаның қай уақытта болмасын есептегенді жақсы көретіндігін ұмытпаңыз. 7kun.kz валюта айырбасына қатысты пайдалы кеңестермен бөліседі. 

Негізгі ұғымдар:

Сатып алу курсы — банктің сіздің валютаңыз үшін белгілейтін бағасы

Сату курсы — банктің валюта сататын бағасы

Ішкі курсы — банктердің валютаны өзара айырбастағанда қолданатын курсы

Валюта қай уақытта айырбастаған жөн?

Валюта сатып алу үшін ең ыңғайлы курс — дүйсенбі мен жұма аралығы, күндіз. Неге? Біріншіде, курс валюта биржасының жұмысына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыс күні басталмас бұрын сарапшылар валюта бағамына қатысты болжам жасап, алдын-ала тәуекелден қорғану үшін курсты жоғары қояды. Таңертеңгілік 11:00 мен 16:00 аралығында бағам өзгеріп отырғанымен, біршама тұрақтанады. Екіншіден, демалыс пен мереке күндерінің алдында банктер ең жоғары валюта курсын белгілейді. Бұл осы уақыт аралығында ерекше оқиға орын алса пайда болатын қауіптерден қорғану үшін қажет.

Интернет-банк арқылы қалай сатып алу қажет?

Көпшілік банктер тек  интернет-банктеріне айырбастау валютасының тиімді курсын қояды. Себебі шығын аз, қолма-қол ақша жеткізу қажет емес, кассирге қосымша жалақы төлемейді.

Сондай-ақ валюта сатып алар кезде сізге жақын орналасқан барлық банктердің валюта курстарын, комиссияның қаншалықты болатындығын тексеріп алуды ұмытпаңыз.

Ақшаны қай жерде айырбастау керек?

Ақшаны айырбастап алуға болатын ең ыңғайлы орын — банк. Ең үлкен артықшылығы — қауіпсіздігі. Бірақ бұл жерде де сіз қалағаныңызды таба алмайсыз. Сондықтан айырбастау пункттерінен көмек сұрауға тура келеді.

Егер сіз ақшамен операция жасағыңыз келсе, төлқұжатыңыз өзіңізбен бірге жүрсін. Ақшаңызды берместен бұрын сіз қанша алатыныңызды нақты біліп алуыңыз керек. Соманы кассадан алыстамай тұрып санап алыңыз.

Сондай-ақ квитанцияны талап етуді де ұмытпаңыз. Оны әрбір қызметкер беруі тиіс. Бұл ақшаны айырбастау кезінде алданып қалу тәуелділігін нөлге дейін төмендетеді.

Сіз бара жатқан елдің валютасы туралы толығырақ біліңіз

Доллар мен еуро болмаса да, кейбір елдерде жергілікті валютаға қатысты өз тәртіптері болуы мүмкін. Мысалы, мароккалық дирхамды шетелде айырбастау болмайды, ал Кубада 2 валюта бар: біреуі жергілікті, екіншісі туристер үшін. Турагенттіктер мен қонақүй қызметкерлерінің ақпаратына сене бермеңіз. Барлығын алдын-ала өзіңіз біліп алғаныңыз дұрыс.

Курсты бақылап отырыңыз

Егер сізге валютаны ауыстыру қажет болса, тым құрымағанда 1-2 апта оның курсын қадағалап отырыңыз. Әрі сол елдің жаңалықтарынан да хабардар болсаңыз, валюта айырбасы кезінде курстан ұтуыңыз әбден мүмкін. Экономикалық дамуы, саяси тұрақтылығы және т.б. көптеген факторлар валюта құнына әсер етеді. Сізге қажет валютаға маманданған сарапшылардың кеңесіне құлақ түріңіз.

Көбірек ауыстырып, жеңілдік сұраңыз

Клиентті көбірек тарту үшін бірқатар банктер сізге қолайлы жүйе ұсынады. Егер бірден ірі соманы айырбастау қажет болса, оны бөлікке бөлудің қажеті жоқ. Барлығын бірден айырбастасаңыз, конвертация кезінде операция сізге ыңғайлы курспен жүзеге асырылады. Ал кейбір елдердің айырбастау пункттерінде … саудаласуға да болады.

Жасырын комиссиялар

Басқа бір елге бармас бұрын сіздің банк картаңызды қолданған кезде қандай комиссиялар болуы мүмкін екенін анықтап алыңыз. Әрбір эмитенттің өз жүйесі бар, сол арқылы валютасын банкомат арқылы конвертациядан өткізетін туристерден пайда тауып отырады. Мүмкін болса шетелде қолма-қол ақшаны айырбастаған дұрыс. Арзанырақ шығады.

Жарнамаға сенбеңіз!

«0% комиссия», «идеал ұсыныс», «ең ыңғайлы курс» — мұның барлығы тек маркетингтік трюктер ғана. Конвертация үшін комиссияның болмауы — курс жоғары деген сөз. Барлық ұсынысты салыстырып барып қана шешім қабылдаңыз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер