Қазақстанда қарт ата-аналар балаларының әрқайсысынан алимент өндіре алады
12.06.2018ж.

Қазақстанда қарт ата-аналар балаларының әрқайсысынан алимент өндіре алады

Алимент дегенімізді біздің қоғам балаға төлейтін қаражат ретінде қабылдайды. Бірақ қауқарсыз қарт ата-аналар өз балаларынан да алимент өндіре алады. Today.kz осы туралы айтады. 

Үкіметтің сайтында "еңбекке қабілетті кәмелеттік жасқа толған балалар еңбекке қабілетсіз, көмекке мұқтаж ата-аналарына көмек беруге міндетті", – делінген. Егер балалар бұны өз еріктерімен істемесе, ата-аналары оларды сотқа бере алады. Бір баласы емес, бірнеше баласына алимент төлете алады. 

Бұндай алиментті ата-ана құқығынан айырылған қарт кісілер ала алмайды. 

Балалар тек екі жағдайда ата-анасына алимент төлеуге міндетті: ата-анасы еңбекке қабілетсіз болса және көмекке мұқтаж болса. 

Ол үшін ата-анасы өзінің көмекке мұқтаждығын растауы тиіс. Оған дәлел ретінде зейнетақы куәлігі мен еңбекке қабілетсіздігін растайтын анықтама көрсетіледі. Құжаттар қатарына мыналар қосылады: 

– Зейнетақы көлемі туралы анықтама;

– Дәріге рецепт; 

– Емдеу туралы анықтама;

– Азық-түлік шығыны мен басқа да қажеттіліктерінің шығынын дәлелдейтін құжат. 

Ата-ананың баласынан алимент өндіріп алуы көп уақытты талап етеді. Егер қарт адам өздігінен жасай алмаса, жеке агенттіктердің көмегіне жүгінсе болады. Бұндай компаниялар өтінішті онлайн түрде рәсімдей алады. Бұндай қызмет әлбетте ақылы, 15 мыңға дейін жетеді. Компания клиентінің атынан сөйлеуі үшін нотариустан әкелінген сенімхат керек. Бұл да ақылы. 

Маңыздысы алимент көлемі екі тараптың да материалдық жағдайына байланысты. Егер баланың тұрақты жұмысы, үйі болмаса, кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, соттан істі қайта қарауды сұрауға құқылы. 

Осының бәрін тексерген соң сот ай сайын төленетін алимент көлемін анықтайды. 

Сотсыз да шешуге болады: балалар ата-анасымен келісімге келіп, өзі ай сайын беріп тұратын қаражат көлемін жазбаша түрде қалдырады. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер