Роберт Киосакидің пікірінше Актив пен Пассив деген не?
17.05.2018ж. 17:07

Роберт Киосакидің пікірінше Актив пен Пассив деген не?

Егер сіз қаржылық тұрғысынан тәуелсіз болуды қаласаңыз, онда сізге Роберт Киосакийдің түсіндіруіндегі Актив пен Пассивті білу керек. Сондай-ақ Пассивтерден құтылып, Активтерді өзіңізге тартуыңыз қажет. Біз бүгін дәл осы тақырыпта қалам тербейміз.

Актив және Пассив дегеніміз не?

Актив және Пассив — экономикалық термин. Кәсіпкерлікке қатысты болғандықтан түсіну қиын. Бұл терминді экономист оқыса, бірден түсінеді, ал қарапайымадамдар не істейді? Міне, байлар мен жарлылардың айырмашылығы осы жерде. Байлар Актив пен Пассив туралы жақсы біледі, сондықтан оны өз пайдасына жаратады. Ал енді осы терминнің анықтамасына тоқталсақ. 

Актив — сіздің қалтаңызға ақша алып келетін нәрсе.

Пассив — бұл сіздің қалтаңыздан ақша шығаратын нәрсе.

Біз өмірімізде 100-деген әртүрлі заттар сатып аламыз және сатамыз. Ұсақ-түйектен бастап, көп қабатты үйлерге дейін, кейбір жағдайларда тіпті аралдарды, төбесі көк тіреген ғимараттарды сатып аламыз. Осы заттардың әрқайсысы Актив болғаны сияқты Пассив та болуы мүмкін.

Айырмашылығын білу

1- ереже, сіз Пассив пен Активтің айырмашлығын нақты біліп, өзіңізге Активтерді әкелуіңіз қажет. Шынымен бай болғыңыз келсе, сізге бұның бәрін  білу керек. Бұл қарапайым нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ өте маңызды. Себебі көптеген адамдар Актив пен Пассивтің айырмашылығын білмей, қаржылық тәуелділікте өмір сүріп жүр. "Бай адамдар активтерді жинақтайды, кедейдер оны жұмсайды, ал орта таптағылар Актив деп санап, Пассивті жинақтайды».

Орта таптың Актив пен Пассивті шатастыру себебі, олар Пассив затты, Актив деп есептейді. Осыған мысал келтірсек. Мысалға машинаны алайық. Қазір барлық отбасында дерлік машина бар. Егер сіздің машинаны сатып алудағы мақсатыңыз, саудаға, жұмысқа, демалысқа шыққанда пайдаланатын қатынас көлігі ретінде болса, онда ол Пассив болады. Себебі, сіз салоннан мысалға 2 000 000 теңгеге сатып алып, сол мезетте сатылымға қойсаңыз, ол сол кезде-ақ бағасынан шамамен 300 000 теңгедей кемиді.

Сондай-ақ көлік үнемі техникалық жөндеуді қажет етеді (сіз тіпті оны қызғыштай қорысаңызда). Одан бөлек, көліктің бөлшектерін ауыстыру, жөндеу, көлік жуу орындарына бару + амортизация (уақыт өте келе көлік ескіріп, тоза бастайды). Сақтандыру, техникалық бақылау, көлік салығының жылдық төлемдерін төлеу және үнемі жанармай құю. Бұның барлығы сіздің қалтаңыздан ақша шығарады. Бұл бірінші жағдай болсын.

Ал енді осыған басқа бір қырынан қарасақ. Екінші жағдай. Сіз көлік сатып алдыңыз да, оны таксист болып жұмыс істейтін адамға жалға бердіңіз. Ол көлігіңізді жалға бергеніңіз үшін сізге ай сайын ақша төлеп отырады. Мұндай жағдайда көлік сізге Актив болып есептелінеді. Бірақ жалға беру құныңыз, жөндеу мен амортизациядан артылып жететіндей болсын.

Киосакидің кітабынан үзінділер

Роберт Киосаки "Бай әке, жарлы әке" кітабында Актив пен Пассив айырмашылығын өте жақсы түсіндірген. Ал біз сол кітаптан қысқаша үзінділер ұсынамыз:

Қаржылық сауаттылығы бар адамдардың бәрі бірдей Актив терге ие емес. Олардың ішінде де қажырлы жұмыс істемей-ақ өздерін пассивті кіріспен қамтамасыз еткендер де бар.

Роберт Киосакидің пайымдауынша, қаржылық сауаттылық — бұл қажет, алайда қаржылық тәуелсіздікке жету үшін жеткілікті шарт емес.

Адамдардың активтерге ие болмауының басты себебі — олардың әдеттері, эмоциялары және психикалық көзқарастарындағы өзгешелікте болып табылады. Өз күшіне сенбеу, жалқаулық, жаман әдеттер, қорқыныш, бұл — ақшаны жоғалтады. Түсінгеніңіз абзал, Актив сөзбен емес, сандармен анықталады. Егер сіз сандарды оқи алмасаңыз,  онда "активте не бар?" деген сұраққа жауапты жердің астынан да таба алмайсыз. 

Кесте сізге түсінуге көмектеседі

Бұл кестеде Актив пен Пассивтің айырмашылығы көрсетілген.

Активтерден келген ақша ағымының кестесі

Кестеде көрсетілгендей, активтер сізге ақша әкеледі. 

Мысалы: дүкенге жалға берген ғимаратыңыз, сізге ай сайын пассивті кіріс түсіреді.

Пассивтерден келген ақша ағымының кестесі

Бұл жолы бірінші кестедегідей емес, бәрі керісінше, пассивтер тек шығындар әкелуде: олар сіздің ақшаңызды "жұтып жатыр". Мысалы, сіздің үйіңіз жөндеу жасауға, коммуналдық төлемдерге, салықтар т.б. төлеуге үнемі ақша төлеуді қажет етеді. Үй қаншалықты үлкен болса, шығындары да соншалық болады.

Кедей адамның ақша ағымдары

Кедей адамдар айлығын алған кезден бастап бірден жұмсайды. Әдеттегідей бірден қарыздарын төлейді де, оған жалақы ретінде берілген ақша енді оныкі емес болып шығады. Барлық ақшасы қарыздарын жабуға жұмсалады. Осы себептен кедейлердің пассивті табыс түсіруге де қаржысы жетпей қалады.

Орта тап адамның ақша ағымдары

Орта тап өкілдері қаржылық жоспарда ақшаны көп табумен қатар көп жұмсауымен ерекшеленеді. Тіпті кейде олардың қарыздары бастан асып кететін жағдайлар да болады. Олар қарапайым емес, жақсы өмір сүруге әбден үйреніп қалған. Сондықтан олар қаншалықты көп ақша тапқан сайын, соншалықты көп жұмсайды.

Үнемі пассив сатып алады: машина, пәтер, катер және мыңға жуық қымбат заттар.

Кестеде көрсетілгендей, тамақ, киім деген сияқты міндетті шығындардан бөлек, орта тап өкілдерінің ақшаларының басым бөлігі несиені төлеуге, қымбат мүлікті қамтамасыз ету және демалысқа шетелге баруға жұмсалады.

Бай адамның ақша ағымдары

Байлардың басқалардан негізгі айырмашылығы — олар ең алдымен өздеріне күн сайын пассивті кіріс түсіретін Активтерге ие болады. Мұндағы философия: егер сіз өзіңізге қымбат пассив сатып алғыңыз келсе, онда ең алдымен өзіңізді Пассивтегі тұрақты табыспен қамтамасыз етіп, Активтерге ие болуыңыз қажет.

Келесі кесте: Сізде Porshe автокөлігін сатыпалатындай ($40 000) ақша пайда болды делік. Сіз сол ақшаға, көп қабатты үй сатып алып, оны жалға бердіңіз. Ал Porshe-ні несиеге алдыңыз да, үйді жалдаудан түскен ақшаны бірден несиеге төлейтіндей еттіңіз. Нәтижесінде, сізде Porshe көлігіңіз де, пассивті табыс түсіретін көп қабатты үйіңіз де бар.

Кестеден байқап тұрған боларсыз, бай адамдардың кірісінің басым бөлігі активтерден келеді.

Әрі қарай не істеу керек?

Сіз Актив пен Пассивті түсініп, іске кірісе бастасаңыз, төмендегідей қадамдарды жасауыңыз керек:

1. Құтылу

Алдымен барынша пассивтерден құтылыңыз. Бұл үшін міндетті түрде бюджет жоспарын жүргізуді бастаңыз. Ақшаңызға есеп жасаңыз: қанша ақша жұмсайсыз, қанша табыс табасыз, барлық қаржылық транзакцияңызды жазыңыз.

Сізге отбасылық бюджетті жүргізіп әрі ақша үнемдеуді үйрену қажет. Осыдан кейін табыс пен шығын жазылған есебіңізге көз салсаңыз, сіздің қалтаңызға салмақ салатын зат немесе қызығушылық қайсы екенін бірден аңғарасыз. Енді осы заттан құтылуға немесе бас тартуға тырысыңыз. Мысал үшін сіз көлігіңізге ақшаны көп жұмсайтыныңызды байқадыңыз. Демек, сізге көліктен құтылу керек. Бірақ! Сізге шынымен көліксіз қалуға болмайтын болса, мәселен қала сыртында тұрасыз, күнде жұмысқа бару керек болған соң пайдаланып жүрсіз. Онда осы машинаның неге көп ақша жұмсауды қажет ететіне назар аударыңыз. А, Иәә! Оның қозғалтқышының көлемі үлкен, сондықтан жанармайды көп құюды қажет етеді ме? Олай болса, шығар жол басқа. Сол машинаңызды сатып жіберіңіз де, орнына қарапайым әрі үнемді автокөлік алыңыз. Осылай, сіз әрі шығындарды қысқартасыз әрі астыңызда көлігіңіз де болады.

Сондай-ақ бар ақшаңызға ұсақ-түйек әшекей сатып алу әдетінен де арылыңыз.

2. Сатып алу

Енді Активтерді сатып алуға ден қойыңыз.

Алғашқы қадам ретінде міндетті түрде іске асуы қиын шаруаны алу қажет емес. Мысалға, миллион теңге несие алып, такси автопаркын сатып алу. Жооқ! Қазір сіз үшін ең бастысы пассивті табыстың кіріс көзін тауып, жасап үйрену. Ол тіпті кішкентай болса да. Аздаған қаражат жұмсай отырып, ақша табу көзін құрғаныңыз жөн. Мысалға, Роберт Киосаки ең алғашқы пассивті табыс көзін жылжымайтын мүліктен тапқан. Айына бар болғаны $56 құраған. Бірақ Р. Киосаки өзі айтқандай, бұл оның өміріндегі үлкен жеңіс болған.  Ол жыл мезгіліне немесе уақытқа тәуелділіктен тысқары табыс көзін тауып, құра білді.

Үнемі өзіңді дамыту мен керемет нәтиже

Активтен тапқан ақшаңызды, Активтерді сатып алуға жұмсаңыз. Осылайша, Активтеріңізді көбейткен сайын, ол сізге одан да көп ақша мен пассивті кіріс әкеледі.

Уақыт өте келе, сіз жұмысыңызды шетке ысырып, өмірден рахат алуыңызға мүмкіндік болады. Ал Активтерден түскен пайда, сіздің барлық шығындарыңызды жабады.  Нағыз бай адамдар осылай өмір сүреді және бұны сіздерге де тілегіміз келеді!

Дереккөз: http://bilim-all.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер