Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 1 пайызға әлсіреді
05.06.2018, 12:55

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 1 пайызға әлсіреді

1 маусымдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 1%-ға (327,42-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 330,78 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Дамушы елдер валюталары бағамдарының АҚШ долларына қатысты серпіні былайша қалыптасты:

☑ Индонезия рупиясы Индонезия банкі 7 күндік РЕПО мөлшерлемесін 4,75%-ға көтергеннен кейін 1,6%-ға (14 125-тен 13 896-ке дейін) нығайды;

☑ түрік лирасы Түркияның Орталық банкі ақша-кредит саясатының жедел құрылымын оңтайландыру туралы процесін аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін 1,5%-ға (4,72-ден 4,65-ке дейін) нығайды. Реттеуші репоның бір апталық мөлшерлемесін монетарлық саясаттың негізгі құралы ретінде пайдалануға шешім қабылдады;

☑ үнді рупиясы 1%-ға (67,77-тен 67,06-ға) нығайды;

☑ Ресей рублі апта бойы айтарлықтай өзгерістерсіз бір АҚШ доллары үшін 62,22 рублі деңгейі шегінде саудалады;

☑ Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекелді активтерге тәбетінің төмендеуі және шетелдік инвесторлардың ЮАР қор нарығында активтерді сатуы аясында 1,5%-ға (12,50-ден 12,69-ға дейін) әлсіреді;

☑ Мексика песосы АҚШ-тың НАФТА бойынша әріптес елдерден болат және алюминий импортына баж енгізуі аясында 2%-ға (19,54-тен 19,94-ке дейін) әлсіреді;

☑ Бразилия реалы Бразилияның Президенті М. Темердің Петробрас мұнай мемлекеттік компаниясының қызметіне үкіметтің араласпауы және баға саясатын сақтау туралы өтініштерінен кейін 3,3%-ға (3,65-тен 3,77-ге дейін) әлсіреді. Бұдан бұрын қаржы директоры Иван Монтейра Петробрас қызметкерлерінің наразылықтарынан кейін отставкаға кеткен Педро Парентидің орнына компанияның басшысы болды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер