Табысты кәсіпқой маман боламын дегендерге арналған тиімді стратегия
11.04.2018, 09:55

Табысты кәсіпқой маман боламын дегендерге арналған тиімді стратегия

Бастысы — қол жеткізген табыстарыңызбен тоқталып қалмау.

Табысты жобаны аяқтағаннан кейін өмірден ләззат алып, тапқан табысыңызды санап та уақыт өткізуіңізге болады. Алайда босаңсуға әлі ерте. Дәл қазіргі жағдайда үздік маркетингтік стратегия — жаңа жобаны қолға алу. Егер сіз жазушы болсаңыз, жаңа кітап жазуды бастаңыз. Егер актёр болсаңыз — жаңа роль іздеңіз. Егер кәсіпкер болсаңыз — жаңа компания ашыңыз.

«Кіндік әке / The Godfather» фильмі табысты болар ма еді, егер ол трилогия емес, кітаптың бір бөлімі ғана болса? «The Lord of the Rings» кинотрилогиясы болмаса «Hobbit» те соншалықты танымал болар ма еді? Маркетологтар мұндай стратегияның маңыздылығын бұрыннан-ақ түсінген.

Ұзақ тіршілік ететін бір дүние жасау үшін уақыт жұмсау қажет. Алайда құр отырып күтпеу, алға қарай қадам басып, жаңа дүние жасау керек.

Зерттеушілер мұндай құбылысты музыкада зерттеп көрген. Орындаушылардың әрбір жаңа альбомы шыққан сайын бұрынғы жазбаларының сатылымы арта түседі екен. Бұл жаңа ақпарттың пайда болуының арқасында жүзеге асады. Тұтынушылар орындаушы жайында білгеннен кейін оның ескі жазбаларын да сатып ала бастайды.

Бұл феномен өнермен ғана шектеліп қоймайды. Apple iPod пен iPhone-ды олар алғаш пайда болғаннан кейін де ұсынуларын тоқтатқан жоқ қой. Тіптен жыл сайын осы өнімдердің жақсартылған нұсқаларын шығаруда. Және де әрбір жаңа нұсқа шыққан сайын сатып алушылардың үміттенуі мен БАҚ-тағы дүрлігу тек артып келеді. Тұтынушыларды бұрынғыдан да көбірек тарту үшін компания әрбір жаңа өнімін алдыңғысымен байланыстыра әзірлейді. Бұл Стива Джобстың бизнес-стратегиясының бір бөлігі болатын.

Егер де сіз бір нәрсе жасасаңыз және ол өте сәтті шықса, онда онымен тоқтап қалмаңыз — алға қарай қадам жасап, тағы да біреуін жасаңыз. Маңыздысы одан әрі не істеу керегін анықтап алу.

Стив Джобс

Вуди Алленнің де көзқарасы осындай. Міне ондаған жылдар бойы ол жыл сайын дерлік бір кинодан түсіреді. Ол санның көмегімен сапаға қол жеткізуге тырысады. «Егер жиі-жиі фильм түсіре берсең, кейде бір үздік фильм шығады», — деп режиссёр өз ойымен бөліседі.

Әрбір жаңа талпыныс жасаған сайын сіз өз шеберлігіңізді шыңдайсыз және ұзаққа созылатын әрі пайдалы нәрсе жасау мүмкіндігін арттырасыз. Бастысы —  жасау, жасау және тағы да жасау.

Тисе терекке, тимесе бұтаққа деген үмітпен барлығына бірдей келісе беру қажет дегенді білдірмейді. Көптеген баспалар мен лейблдар дәл осындай қателік жасайды. Оның орнына:

—  Талғамыңыз биік болсын.

—  Ойыңызды ұзақ мерзімді болашаққа жұмылдырыңыз.

—  Барлық жаңа нәрселерге ашық болыңыз, алайда таңдауыңызды мұқият жасаңыз.

—  Мәңгілікке созылуы мүмкін идеяларға басымдылық беріңіз.

Егер Photoshop-та бір нәрсенің суретін салған болсаңыз, сіз әлі дизайнер емессіз. Кітап шығарғандардың бәрі жазушы бола алмайды. Ол жай кітап шығарған адам.

Нағыз жазушы болу үшін көп кітап жазу қажет. Нағыз кәсіпкер болу үшін де бірнеше бизнес ашу керек.

Әрине, бір ғана нәрсе жасаған көптеген талантты адамдар бар. Марк Цукерберг бәрібір де кәсіпкер, ал Харпер Ли бәрібір де жазушы. Алайда олар тағы да бірдеңе жасаса, әлем одан да жақсырақ болмас па еді?

Өзімізді бір жобамен шектемеуіміз керек.

Жақсы бір-ақ нәрсе жасау жеткіліксіз. Көбірек жасаңыз. Артымда өз мұрамды қалдырдым деген оймен алғашқы қадамнан кейін тоқтап қалмаңыз. Онымен шектеліп қалмаңыз. Сіз жаңа дүние жасай беретіндігіңізді әлемге және өз өзіңізге бірнеше рет дәлелдеңіз... және тағы да бірнеше рет.

Дереккөзі: The Only Real Strategy If You Want To Be A Successful Artist, Author, Or Entrepreneur http://bilim-all.kz/article/6520-Tabysty-kasipqoi-maman-bolamyn-degenderge-arnalgan-tiimdi-strategiya  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер