Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна жанармай бөлінді
15.03.2018, 08:39

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна жанармай бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан 3,2 млрд.теңге қаржы қаралған. Жылдық жарнасы 6 пайыздан аспайтын болады. Жалпы көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға облыста толық мүмкіндік бар. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Шымкент мұнай өңдеу зауытынан облысқа 38 мың тонна жанармай бөлінген. Оның ішінде ақпан айына - 4 мың тонна, наурыз айына – 19 мың тонна, ал мамыр айына - 15 мың тонна қарастырылып отыр.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бөлінген 1 тонна дизель отынының зауыттағы босатылу бағасы – 156 мың теңге шамасында белгіленді. Литрге шаққанда – 130 теңге, оператордың агроқұрылымдарға жеткізу қызметін қоса есептегенде 1 литрі – 138-140 теңге көлемінде. Жанармай тасымалдаушы операторлар тізімі белгіленіп, мұнай өңдеу зауытымен келісім-шарт жасасып, 21,5 мың тонна дизель отынына төлем жасалды. Бүгінгі күні бірқатар аудандар жанармай тарату жұмыстарын бастап кетті», - деді Серік Ордабекұлы.

  Бұдан өзге, айдалуға тиісті 507,8 мың гектар жердің 99,2 пайызы жыртылған. Ал сор шаю жұмыстары 101,8 мың гектарға межеленіп, 83,9 мың гектар жердің соры шайылды.

Айта кетерлігі, облыста тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Аудандардың мәліметі бойынша егілген 182 мың гектар күздік астықтың жағдайы қалыпты.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер