Биыл оңтүстіктің шаруалары шаш етектен шығынға батуы мүмкін
04.04.2018, 13:48

Биыл оңтүстіктің шаруалары шаш етектен шығынға батуы мүмкін

Осы жылы ел бойынша 2 миллион гектар алқапты зиянкестер басуы мүмкін. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының атқамінерлері олармен күресуге ертерек қамдануы қажет. Өйткені Ауыл шаруашылығы министірлігінің мәліметінше, іргелес жатқан қос өңірдің 650 мың гектарға жуық аумағына шегірткелер шабуылдауы мүмкін деп мәлімдеді sn.kz.

Болжам расталса, шаруалардың жағдайы мәз болмайтыны анық. Нәсібін жерден терген біраз жамбылдықтар былтыр да қыруар шығынға батқан еді. Әсіресе, Талас, Жамбыл, Байзақ аудандарында жаппай шегіртке қаптап, егістік түгілі, жайылымының өзін жайпап тастаған. Соның кесірінен көбі мал азығынан қағылды. Бұған бұқара зиянкестерді өлтіру жұмыстарына ерте кіріспеген шенділерді айыптаған болатын. Ал биылғы дүрмекке министірлік өкілі дайынбыз деп сендірді.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Марокколық шегірткенің ОҚО және Жамбыл облыстарында жаппай таралуы күтілуде. Осы өңірде марокколық шегірткеге қарсы 640 мың гектар жерді өңдеу жоспарлануда. Облыс әкімдіктеріне жедел штабтар құруды ұсынамыз. Саяқ шегірткелдерге баса назар аудару қажет.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер