Показать содержимое по тегу: Қожа Ахмет Ясауи
Иісі қазақты айтпағанда, түркі-мұсылман жұрттарында Қожа Ахмет Ясауиді білмейтіндер кемде-кем шығар. Білгенде де түркістандық «Ясауи» әулие деп танитыны мәлім. Ал осы сөз қайдан шыққан?! Көп әдебиеттерде айтылып жүргендей сол заман рәсіміне сай тұрғылықты жерінің атауымен «ясылық» дегенді білдіре ме?
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Ұлыбритания елінен келген Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін ағылшын тіліне алғаш тәржімалаушы белгілі ғалым Джонатан Трапман шығармашылық мәдени ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімшарт меморандумына қол қойды, деп хабарлайды inform.kz.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына Ресейдегі Башқұртстан республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан әлуметтік туризм бағдарламасы аясында мүгедектер қауымы келді, деп хабарлайды zamana.kz.
Мүгедектер қауымы мұражай аумағына Башқұртстан елінен әкелінген «Салават Юлаев» атты мамыргүл (сирень) және Уфа сүмбілтерегі (Уфимский пирамидиальный тополь) сияқты ағаш көшеттерін отырғызды. «Уфа қаласының селекционерлері шығарған сорттағы бұл ағаштарды Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы тұрғындары атынан Қазақстан Республикасы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне сыйға берілді» деген арнайы тақтайша орнатылды.
Бұл шараның мақсаты башқұрт елінің рухани дамуына өзіндік үлес қосқан Хусейн-бек бабаға алғыс білдіріп, еске алу екен.
Хусейн-бек баба XІV ғасырдың басында ежелгі Йасы қаласында дүниеге келген. Йасауи бабаның жолын ұстанған Хусейн-бек XІV ғасырдың басында башқұрт жерлеріне Ислам дінін тарату үшін жіберілген екен. Башқұрт елінде алғашқы имам атанған Хусейн-бек XІV асырдың соңында қайтыс болып, Чишмы ауылында, Ақзират көлінің маңында жерленген. Басына кесене тұрғызылған.
Айтулы шараға жетекшілік еткендер – Башқұртстан республикасының спорт министрлігі, Ресей спорт мүгедектерінің одағы, Спорттық туризм федерациясы.