Шетелдік ғалым Қожа Ахмет Ясауи туралы бейнетүсірілім жасамақ
19.10.2016, 12:29

Шетелдік ғалым Қожа Ахмет Ясауи туралы бейнетүсірілім жасамақ

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Ұлыбритания елінен келген Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін ағылшын тіліне алғаш тәржімалаушы белгілі ғалым Джонатан Трапман шығармашылық мәдени ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімшарт меморандумына қол қойды, деп хабарлайды inform.kz.

Қорық-музей директоры Ж.Әубәкір алдағы уақытта да бірлесе жұмыстар атқаратындықтарын тілге тиек етті. Сонымен қатар Дж.Трапман жуырда Қазақстанға қайта келіп Қожа Ахмет Ясауи туралы бейне түсірілім жасайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 Музей әкімшілігі аудармашы ғалымға шығармашылық табыс тілеп, қазақы дархан көңілмен сый-сияпат жасады.

Айта кетейік, музейден тарихи, рухани қаланың өткенi, кешегiсi туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегiз бөлiмнен тұрады. Музей қызметкерлерiнiң мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретiнде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына ат басын тіреген кезінде: «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», - деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше. Әрине, әлемдік деңгейде ғылыми зерттеулер мен жобалар жасаушылар болса, тіпті бейне фильм түсіріп, рухани орталығымызды әлемге танытып жатса қанеки. Кез келген елді әлемге таныту тек ол елдің рухани-мәдени құндылықтары арқылы жүзеге асырылатын дүние. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер