Показать содержимое по тегу: башқұрт
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына Ресейдегі Башқұртстан республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан әлуметтік туризм бағдарламасы аясында мүгедектер қауымы келді, деп хабарлайды zamana.kz.
Мүгедектер қауымы мұражай аумағына Башқұртстан елінен әкелінген «Салават Юлаев» атты мамыргүл (сирень) және Уфа сүмбілтерегі (Уфимский пирамидиальный тополь) сияқты ағаш көшеттерін отырғызды. «Уфа қаласының селекционерлері шығарған сорттағы бұл ағаштарды Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы тұрғындары атынан Қазақстан Республикасы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне сыйға берілді» деген арнайы тақтайша орнатылды.
Бұл шараның мақсаты башқұрт елінің рухани дамуына өзіндік үлес қосқан Хусейн-бек бабаға алғыс білдіріп, еске алу екен.
Хусейн-бек баба XІV ғасырдың басында ежелгі Йасы қаласында дүниеге келген. Йасауи бабаның жолын ұстанған Хусейн-бек XІV ғасырдың басында башқұрт жерлеріне Ислам дінін тарату үшін жіберілген екен. Башқұрт елінде алғашқы имам атанған Хусейн-бек XІV асырдың соңында қайтыс болып, Чишмы ауылында, Ақзират көлінің маңында жерленген. Басына кесене тұрғызылған.
Айтулы шараға жетекшілік еткендер – Башқұртстан республикасының спорт министрлігі, Ресей спорт мүгедектерінің одағы, Спорттық туризм федерациясы.