Оларға тиесілі дәулет бүкіл әлемдегі кедей тапқа жататын 3,6 млрд адамның дүние-мүлкіне тең. Бұл туралы OXFAM халықаралық бірлестігі жүргізген зерттеудің нәтижесінде белгілі болды.
Ал, ең дәулетті 8 адамның қатарында Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс (75 млрд доллар), Inditex компаниясының бұрынғы президенті Амансио Ортега (67 млрд доллар), инвестор Уоррен Баффет (60,8 млрд доллар), мексикалық бизнесмен Карлос Слим Элу (5 млрд доллар), Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос (45,2 млрд доллар), Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг (44,6 млрд доллар), Oracle компаниясының басшысы Ларри Эллисон (43,6 млрд доллар) және Майкл Блумберг (40 млрд доллар) бар.
Зерттеу авторларының айтуынша, миллиардерлердің дүниесі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде айтарлықтай өсе түскен. Қазіргі таңда әлем тұрғындарының 10 пайызға жуығы күніне небәрі 1,9 долларға өмір сүреді. Ал, әлемдегі әрбір тоғызыншы адам аштықта өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ, 3 миллиардтай адам кедейліктің шегіне жеткен.
OXFAM директоры Винни Бьяниманың айтуынша, әлемдегі байлықтың басым бөлігі санаулы ғана адамның қолына өткен жағдайда бейбіт өмірге үміттену әурешілік. Миллиардтаған адам кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан сәтте байлардың одан сайын байи түсуі демократияға сызат түсіріп, қоғамда алауыздық тудыратыны сөзсіз дейді ол.
Дерек көзі: sn.kz