Ескерткіштердің құпиясы
29.05.2018ж.

Ескерткіштердің құпиясы

Орталық Американың тұр­ғылықты халқы майя мен ацтектерді, олар жасаған өр­кениет ескерткіштерін жұрт жақсы біледі. Ал олардың арғы тегі өлмектердің (ольмек) қал­дырған мұралары да жұртты таң-тамаша қалдырады. Бұл туралы "Ана тілі" газеті жазды.

Олар осыдан 3 мыңдай жыл бұрын Мезоамерикада (Орталық Америкада) өркениет негізін қалады. Солардан қалған бір ескерткіш – базальттан қашап жасалған алып адамдардың (дәулердің) бастары. Олардың бір ерекшелігі – сол бастардың көздері аса сұсты және қыли болып келеді. Енді сол ескіден қалған ескерткіштердің жұмбағы көп. Бұл алып бастарды қашап жасаудағы мақсат не? Олардың прототиптері кім болған? Батыр ма, патша ма, әлде спорт ойыншысы ма? Кімге арналса да мұншалықты үлкен етіп жасағанда, олардың күштілігін, айбарын көрсеткісі келді ме екен? Пайымдап қараңыз: сол бастардың биіктігі 3-4 метр болса, салмағы 50 тоннаға дейін тартады. Ал енді екінші жұмбақ, сол алып бастар жасалған тастарды қазіргі тұрған жерлерінен қалай жеткізген? Ал мұндай тастар қазіргі тұрған жерлерінен 100 шақырымдай қашықтықта болған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер