Показать содержимое по тегу: ат
1947 жылдың мамыр айында Сыр бойындағы Қанттоғайда руы Божбан Халық деген кісінің әйелі ұл табады. Аттары кілең «ханмен» аяқталатын ағаларына ұйқастырып, қасиетті күні дүниеге келген сәбиге «Жұмахан» деген есім беріліпті. Бұл кейіннен бүкіл Отырар жұртшылығына басқа өнерлерінен бөлек, атсейістігімен де кеңінен танымал болған азамат еді.
Дүниеден өткеніне әлденеше жыл болған осы бір дегдар жанға қатысты бүгінде ел ішінде аңызға бергісіз естелік әңгімелер көп-ақ. Негізінен олар марқұм ағамыздың ат бапкерлігі, сыншылығы, құлынынан жүйрікті, додапаз тұлпар танығыштығының айналасында өрбиді.
Бүгінгі Түркістан облысы, Отырар ауданында мәдениет (театр актері) пен атбегілік өнерін қатар ұстанған Жұмахан Халықұлы атты азамат өткен. Өзінің бізге құда болып келетіні де бар. «Шүберегім қара болғанымен ішім ақ» деп отыратын ол кісі қайтқанда бүкіл ел-жұрт қайғырған. Ол ұтымды сөздері, ақ пейілділігі мен қарапайымдылығы, еңбекқорлығы мен адалдығы, белсенділігімен ел құрметіне бөленген жан еді. Әсіресе, марқұмның ата-бабасынан дарыған жылқы малына байланысты сыншы-білгірлігі, «Бұл өмірде сәйгүліктен асқан сұлулық жоқ» деген ел ішінде қанатты сөзге айналып кеткен пайымы таң қалдырмай қоймайды.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, обалы қанеки, халқымыздың ұлттық дәстүр- салтын біркісідей насихаттап келеміз. Бірақ мәңгүрттеніп қалғанымыз соншалықты сол дәстүр салтты білетіндер жоқтың қасы сияқты сезіледі. Олай дейтінім баспа беттерінде, телеарналарда тек жылқыға қатысты білместіктен болып, дәстүрімізге жараспайтын, жанаспайтын көріністер көп жағдайда орын алып жатады.
Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бәйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13