Талдықорғанда әскер қатарына шақырылушылар әскери бөлімдерге аттандырылуда
05.04.2018, 18:25

Талдықорғанда әскер қатарына шақырылушылар әскери бөлімдерге аттандырылуда

Қазақстан бойынша көктемгі әскер қатарына шақыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті де әскерге шақыру науқанына белсене атсалысуда. Үстіміздегі жылдың көктем айында Жетісу жерінен 1991-2000 жылы туылған 1800-ден астам азамат әскерге қатарына алынады, деп хабарлайды silteme.kz AA Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні 300-ге жуық азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне аттандырылған.

Жергілікті әскери басқару органдарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру және медициналық комиссиясы әскерге қабылданушыларды түбегейлі тексеруден өткізуде. Комиссия мүшелері әр үміткерді дара қарастырып, алған білімін, мамандығын, отбасы жағдайын, қызығушылықтарын, спорттағы жетістіктерін назарға ала отырып, денсаулық жағдайына қарай мерзімді әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарады.

Жетісу жерінің азаматтары ҚР Қарулы Күштерде, ҰҚҚ Шекара қызметінде, Президенттің Мемлекеттік күзет қызметі, сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның қатарында әскери борыштарын өтеп келеді. Әскери бөлім мен мекеме басшылары әрқашан Алматы облысынан қабылданған азаматтардың ерік-жігері мен Отанға деген патриоттық сезімдерінің жоғары екенін ерекше атап отырады, - деді Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Талғат Дәулетханов.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны үстіміздегі жылғы 10 наурызда басталып 30 маусымда аяқталады. Әдеттегідей әскерді жасақтау аумақтық принципке негізделеді, яғни әскер қатарына қабылданушы өзге облысқа аттандырылады. Азаматарды қабылдауда және іріктеуде олардың осыған дейін алған білімдері ескеріледі.

Мәлімет үшін: Әскерге шақыру «Әскери қызметте болудың белгілі мерзімін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2018 жылғы наурыз – маусым мен қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №644 Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы, мерзімін кейінге қалдыруға және әскерден босатылуға құқы жоқ азаматтар қабылданады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер