Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өткізілмек
20.04.2018, 09:10

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өткізілмек

Ағымдағы жылдың 22-ші сәуірінде мүгедектігі бар жандар сұлулық пен өнер сайысында бақ сынаспақ. Осындай байқау облыс бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Желтая газета» газетінің бас редакторы Дүйсенова Сандуғаш баяндады, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Байқауға 18 адам қатысып, олардың 10-ы финалға шықты. Қатысушылармен кәсіби стилистерлер, визажистер, қаланың ірі сән салондары ақысыз негізде жұмыс істейді. Одан бөлек әр қатысушыға жеке костюм үлгілерін де тігіп бермек.

«Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіруге бағытталған  іс-шаралар жүзеге асырылуда. Алайда ол шаралардың көбісі осындай жандарды аянышты, көмекке зәру, не болмаса ақыл есі кем қылдырып көрсетеді. Дәл осы стереотипті бұзу үшін мүгедектігі бар жандардың қаншалықты әдемі, өнерлі, іскер екенің дәлелдемекпіз. Себебі, біздің қатысушылар көрермендерді өте қатты таңқалдырмақ», - дейді С.Дүйсенова.

Сонымен қатар баспасөз-мәслихатында байқауға қатысушы Қарабасов Нұрболатта өз пікірін білдірді.

Қазіргі таңда көптеген арбаға танылған жандар сыртқа шыға бермейді. Өйткені, көп жерлерде жүруге мүмкіндік жасалмаған және қоғамның ойы біз жайлы мүлде басқа. Сондықтан осындай байқаулар көптеп болса екен деймін. Осы арқылы біз адамдардың бізді тезірек қабылдауларына, жалынышты көзбен қарамауына септігін тигізеді, -деді ол.

        Айта кету керек, концерт жанрындағы байқау Талдықорған қаласындағы көрме кешенінде сағат 18:00-де басталады. Кіру тегін. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер