Алматыдағы әскери институт он үшінші түлектерін шығарды
25.06.2019ж.

Алматыдағы әскери институт он үшінші түлектерін шығарды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты салтанатты түрде «лейтенант» алғашқы офицерлік шенін және жоғарғы әскери оқу орынын бітіргені туралы дипломым ұсына отырып, 13-ші түлектерін ұшырды, деп хабарлайды РЭжБӘИИ баспасөз қызметі.

Биыл 8 мамандық бойынша 135 курсант әскери оқу орнын тәмамдады, олардың 32-сі үздік дипломмен, ал 3 курсант «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен марапатталды (Алмаз Амантайұлы, Шынболат Қайырбеков, Нұрғиса Лахайбеков).

Салтанатты шараға Халық Қаһарманы, космонавт, Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетов, мәжіліс депутаты Бақытжан Смағұл, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы Күштерінің ардагерлері, Әуезов аудандық әкімшілігінің өкілдері және бітірушілердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Жас офицерлер салтанатты маршпен жүріп өтіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Қарумен саптық дефиле көрсеткен соң әскери оқу орнынының Жауынгерлік Туымен қоштасты. Бітірушілер жұптарымен қоштасу вальсін билеп, көкке ақ кептерлерді ұшырды.

- Бүгін сіздер офицер погонын тағып, жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломға ие болдыңыздар. Нағыз ер азаматтарға тән мамандықты таңдаған соң намыс туын биікте ұстап, «қазақстан әскерінің офицері» деген жоғары атқа лайық боласыздар деген сенімдемін, - деді РЭжБӘИИ-дің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Жас лейтенант, алтын медаль иегері Алмаз Амантайұлы әскерилер әулетінен шыққанын, сондықтан оқуда үнемі алда болуға тырысқанын жеткізді.

- Әскери институт қабырғасында болған 5 жылда білім мен достықтың қадіріне жеттім. Біздің иығымызға погонмен қоса еліміз үшін жауапкершілік мен міндет жүктелді. Халқымыз бен оның Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшының сенімін ақтаймыз, ақтық деміміз қалғанша адал қызмет етеміз, - деді ол.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия аймағы бойынша радиотехникалық мамандықтар бойынша маман дайындайтын жалғыз әскери оқу орны болып табылады. Жоғарғы әскери институт зенитті зымыранды, радиотехникалық әскерлері, әскерлер мен қару-жарақты автоматтандырылған басқару жүйелері инженерлері, байланыс әскерлері, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету мамандықтары үшін білікті офицерлерді даярлайды. Институт құрылғалы бері (2001 ж. бастап) 320 курсант үздік дипломмен, ал 30 курсант «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен бітірген.  

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер