Дархан Кәлетаев: Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жастардың көптеген сұрақтарына жауап береді
28.04.2018, 08:53

Дархан Кәлетаев: Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жастардың көптеген сұрақтарына жауап береді

Астанада «Болашақ мамандықтары: Y, Z ұрпақтары қандай бағытқа дайын болуы керек?» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев қатысып, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының жастар саясаты мәселелерін шешудегі маңызын атады, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Шара «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 5 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Ол 2013 жылы Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмасына сәйкес құрылған.

Конференцияның мақсаты - жастардың өзекті мәселелерін талқылау, еңбек нарығы жүйесінің ағымдағы жағдайын бағалау, жастарды жұмыспен қамтудың жаңа нысандары мен жастардың рухани-адамгершілік идеалдарын болжап талдау, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру перспективаларын талқылау болып табылады.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық қызмет өкілдері қатысты.

Шараның ашылу рәсімінде Дархан Кәлетаев ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 5 жылдығымен құттықтау хатын оқып берді.

Д. Калетаев өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасында айтылған мемлекеттік қолдау шаралары негізінен жастардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге және жастарды алаңдататын  мәселелері шешуге бағыттылған. 

Министрдің айтуынша, жастар үшін білім алу, жұмыспен қамту және отбасын құру бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер болып табылады.

Сондай-ақ, конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, Алматы менеджмент университетінің президенті Асылбек Қожахметов, жастар саясаты саласындағы сарапшы Maria Cristina Bacalso баяндама жасады.

«Жаңа мамандықтар атласы» жобасын құрастырушы Дмитрий Судаков «Болашақтың дағдылары. Жаңа әлемде нені меңгеруіміз қажет?» атты баяндамасын таныстырды. Онда XXI ғасырдың базалық дағдылары мен жұмыспен қамтуға ықпал ететін процесстер туралы айтып өтті.

Конференция аясында «Жаңа жұмыспен қамту нысандары және озық білім беру», «Футурология және болашақ мамандар», «Заманауи әлемде білім беру: Y, Z ұрпақтарының рухани-адамгершілік идеалдары» атты секция жұмыстары өткізілді. 

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығару және резолюция қабылдау жоспарланып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер