Дархан Кәлетаев Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісімен екіжақты әріптестік мәселелерін талқылады
11.05.2018, 08:49

Дархан Кәлетаев Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісімен екіжақты әріптестік мәселелерін талқылады

Кеше Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Кездесу барысында дін және азаматтық қоғам саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі, сондай-ақ, Вульф институты делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл институт иудейлер, христиандар және мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты академиялық зерттеумен айналысатын  әлемдік көшбасшы ұйымдардың қататына кіреді.

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына қарай аталған делегацияның сапары аясында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған, атап айтқанда, министрлікте кездесу өткізу, діни ғимараттарды аралау, сондай-ақ Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және «Вульф» институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Әңгімелесу кезінде Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

Д. Кәлетаев еліміздегі азаматтық қоғам институттарын дамыту барысымен таныстырып, мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимыл моделін қалыптастырудағы шараларды баяндады. Атап айтқанда,  министр 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы қабылданғанын, оның негізінде дін саласындағы заңнамаға өзгетулер енгізу бойынша құжаттар пакеті әзірленгенін атап өтті.

         Кездесу соңында тараптар дін және азаматтық қоғам саласындағы өзара іс-қимыл жөнінде сындарлы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер